» » АЙМАҚТА ЖАРТЫ ЖЫЛДА 16 МЫҢ АЗАМАТ ӨЗІН-ӨЗІ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫҒАН

АЙМАҚТА ЖАРТЫ ЖЫЛДА 16 МЫҢ АЗАМАТ ӨЗІН-ӨЗІ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫҒАН

Мемлекеттік бағдарламалардың тиімділігінің нәтижесінде аймақта кәсіпкерлікке бет бұрғандардың үлесі 22-ден 26%-ға өсті. Ал, тұрақты жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес субъектілерінің саны өткен жылы 5,2%-ға артты. Бұл туралы облыс әкімі Қ.Көшербаев халыққа есеп беру кездесуінде айтты.
"Соңғы жарты жылда 16 мыңнан астам өзін өзі жұмыспен қамтығандарды кәсіпкерлікке тартуға қол жеткіздік. Алайда, бұл – мүлдем біз көздеген нәтиже емес. Біздің  мақсатымыз – жалпы өңірлік өнім көлеміндегі шағын және орта бизнестің үлесін 45-50%-ға дейін жеткізу және осы бағытта жұмыс істеудеміз»,- деп атап өтті аймақ басшысы.
Естеріңізге сала кетейік, бірер күн бұрын облыс әкімдігі, мәслихат, «Нұр Отан» партиясының филиалы және Қоғамдық кеңес 2018 жылды облыс бойынша «Жаппай кәсіпкерлікті қолдау жылы» деп жариялау туралы бірлескен шешім қабылдады. Өңірде "Жол картасы" кешенді бағдарламасын әзірленіп,оны жүзеге асыру үшін ағымдағы жылы барлық қаржы көздері есебінен  32 млрд. теңгеден астам қаржы бөлу жоспарланып отыр.
«Сонымен қатар,шағын және орта бизнесті дамытуға жергілікті бюджеттен қосымша 500 млн. теңге микрокредитті Өңірлік инвестициялық орталық арқылы, ал, Бизнестің Жол картасы аясында берілетін микрокредиттер бойынша пайыздық мөлшерді субсидиялауға   539 млн.теңге бөліп отырмыз. Кәсіпкерлік субъектілеріне көмек ретінде біз «Қазақтелеком» АҚ және «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп цифрлық платформаны енгізіп жатырмыз", - деді облыс әкімі.
14 ақпан 2018 ж. 747 0

PDF нұсқалар мұрағаты

26-355

02 шілде 2020 ж.

25-354

25 маусым 2020 ж.

24-353

18 маусым 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031