» » Ғалымдар жеміс шырыны балалар үшін қауіпті екенін анықтады

Ғалымдар жеміс шырыны балалар үшін қауіпті екенін анықтады

АҚШ-тағы Гарвард университетінің дәрігерлері құрамында қанты көп жеміс-жидек шырынын үнемі ішетін балалар демікпеге тез шалдығатынын дәлелдеді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы Daily Mail-ға сілтеме жасап ria.ru жазады.

Зерттеушілер 1068 ана мен олардың ұл-қыздарының тамақтану рационын тексеріп, құрамында фруктозасы көп тәтті шырынның балалар денсаулығына қалай әсер ететінін сараптаған.
Нәтижеде ғалымдар құрамында қант пен фруктозасы бар шырынды көп ішетін балалардың 77%-ы демікпеге шалдығатынын анықтады.
Сонымен қатар, жүктілік кезінде де жеміс шырынын көп ішкен жағдайда тыныс алу жолдары ауруларының пайда болуына әсер ететіні белгілі болған.
«Бұдан бұрын белгілі болған семіздік пен демікпенің байланысынан бөлек, құрамында фруктозасы көп тәтті шырындарды көп ішу де бұл аурудың пайда болуына әсер етеді. Әзірше біз фруктоза мен қанттың демікпеге қалай әсер ететінін анықтай алған жоқпыз. Бірақ осы қосылыстар өкпенің қабынуына әсер ететінін болжауға болады» дейді зерттеуші Шерил Рифас-Шиман.
02 қаңтар 2018 ж. 538 0

PDF нұсқалар мұрағаты

29-306

18 шілде 2019 ж.

28-305

11 шілде 2019 ж.

27-304

04 шілде 2019 ж.

Спорт

НЕАПОЛЬДЕН ЖЕТІ ЖҮЛДЕ
21 шілде 2019 ж. 37
ҒАФУР ҒАЙЫП БОЛДЫ

ҒАФУР ҒАЙЫП БОЛДЫ

20 шілде 2019 ж.
ОЛЖАМЕН ОРАЛДЫ

ОЛЖАМЕН ОРАЛДЫ

19 шілде 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031