» » МЕКТЕПТЕГІ ЭЛЕКТРОНДЫ ҚЫЗМЕТ

МЕКТЕПТЕГІ ЭЛЕКТРОНДЫ ҚЫЗМЕТ

Елбасы Жолдауында электронды қызмет көрсетудің халық үшін тиімділігі кеңінен насихатталды. Осы мақсатта елімізде «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы қабылданып, Сырдария ауданында жүйелі жоспар бойынша тиісті жұмыстар басталды. Мәселен, е-gov электронды үкіметтің веб-порталы арқылы көрсетілетін қызметтерді оқушылар арасында насихаттау мақсатында аудан әкімі аппаратының электронды әкімдікті интеграциялау, дамыту және мемлекеттік қызметтердің мониторингі бөлімінің ұйымдастыруымен ашық сабақ өтті.
Шараға №210 О.Әбілпаттаев атындағы орта мектебінде және №36 Ә.Тәжібаев атындағы мектеп-лицейінің оқушылары қатысты. Ашық сабақта «Азаматтарға арналған үкімет» АҚ аудандық бөлімшесінің мамандары мен мектеп мұғалімдері оқушыларға мемлекеттік қызмет түрлерін тез арада үйде отырып алуға болатынын айтты. Анықтама алу бойынша онлайн көрсетілімдер ұйымдастырылып, ақпараттық нұсқаулық таратты. Слайд арқылы «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы жөнінде фильм көрсетілді. Шара соңында оқушылар ойларын білдіріп, электронды үкімет порталының тиімділігі мен мүмкіндігі көп екенін атап өтті. Сонымен қатар аудан әкімі аппаратының электронды әкімдікті интеграциялау, дамыту және мемлекеттік қызметтердің мониторингі бөлімінің бас маманы Е.Бөлебаев аудандық білім бөлімімен бірлесіп, өзге де мектептерде осы тектес іс-шаралар өтетінін жеткізді.
22 ақпан 2018 ж. 1 166 0

PDF нұсқалар мұрағаты

21-350

28 мамыр 2020 ж.

19-348

14 мамыр 2020 ж.

18-347

07 мамыр 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031