» » Мұз үстінде мұқият болыңыз

Мұз үстінде мұқият болыңыз

Облыс әкімдігінің баспасөз орталығында Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері оқыс жағдайлардан, оның ішінде дариядағы мұз бен селден қорғану және алдын алу бағытында БАҚ өкілдерімен кездесті.
Әуе жасағының басшысы Бақыт Сағынбекұлы: «Қазір 9 күн қатарынан бір азаматты іздестірудеміз. Жоғалған азамат мінген ат қайтып оралған. Алдағы күндері табылып қалар деген үміттеміз»,– деді. ТЖ алдын алу бөлімінің басшысы Жандос Ерланұлы тұрғындарды қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырды. «Белгіленбеген, әсіресе, мұздың үстімен көлік айдаудың соңы қайғылы жағдайларға душар етуі мүмкін. Сол себепті, бұндай аймақтарға мұз еритін уақытта шықпауларыңыз сұралады. Ал, шұғыл шаруалар болса, жақындарыңызға ескертіп кеткен дұрыс», – дейді.
Айта кетейік, 2016 жылы 35 адам суға батып мерт болса, құтқару жасағы 30 адамды ажалдан арашалап алған. Өткен жылы 26 адам қаза болды, оның 7-еуі балалар. Ал, жыл басталғалы қайғылы оқиғалар тіркеле қойған жоқ. Дегенмен, айтып келмейтін апаттан абай болған жөн.
22 ақпан 2018 ж. 586 0

PDF нұсқалар мұрағаты

07-336

20 ақпан 2020 ж.

06-335

13 ақпан 2020 ж.

05-334

06 ақпан 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
242526272829