» » ОЛИМПИАДА: ЭЛИЗАБЕТ ӘСЕРІМЕН БӨЛІСТІ

ОЛИМПИАДА: ЭЛИЗАБЕТ ӘСЕРІМЕН БӨЛІСТІ

ПХЕНЧХАН. ҚазАқпарат - Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында өтіп жатқан XXІІІ қысқы Олимпиада ойындарында бүгін мәнерлеп сырғанаудан сынға түскен Элизабет Тұрсынбаева жарыстан кейінгі әсерімен бөлісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
  «Мен бүгінгі еркін бағдарламада өзім жоспарлаған межеде өнер көрсеттім. Жарысқа жаңа көйлекпен, жаңа музыкамен шықтым. Барлық талаптарды шамам кегенше орындауға тырыстым. Бір рет құлап қалғаным болмаса, қателіктерге көп бой алдырған жоқпын. Бұл - Олимпиада ойындары. Бүкіл әлем көз тігіп отыр, сол үшін аздап қобалжу да болды», - деп тап өтті Тұрсынбаева.
Сондай-ақ, өзінің бұл Олимпиадада үздік ондықтың қатарына кіру басты мақсаты болғанын да жасырмады.
«Басты мақсатым үздік он спортшының қатарынан көріну болатын. Енді жарыстың соңына дейін күтеміз. Ондыққа кіріп жатсам соның өзі мен үшін үлкен жетістік. Себебі, мен жарақаттан кейін жарысқа шығып отырмын. Ең бастысы Олимпиадада қазақ қыздары бар екенін көрсете білдік», - ол.
Естеріңізге сала кетейік, Элизабет Тұрсынбаева бүгін еркін бағдарламада сынға түсіп, қос сайыс қорытындысы бойынша 177.12 ұпай еншіледі.
23 ақпан 2018 ж. 659 0

PDF нұсқалар мұрағаты

38-315

19 қыркүйек 2019 ж.

37-314

12 қыркүйек 2019 ж.

36-313

05 қыркүйек 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30