» » Қазақ қызы Пхенчхан Олимпиадасында топ жарды

Қазақ қызы Пхенчхан Олимпиадасында топ жарды

Пхенчханда өтіп жатқан ХХІІІ қысқы Олимпиада ойындарында әйелдер арасындағы биатлоннан 4х6 шақырым эстафеталық жарыста Беларусь командасы топ жарды. Жеңімпаз команда құрамында қазақ қызы Динара Әлімбекова да бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат. ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР Элизабет Тұрсынбаева жарыстан кейінгі әсерімен бөлісті Олимпиаданың медаль көрсеткіші: Норвегия 13 «алтымен» көш бастап келеді 23 ақпанға арналған Олимпиада кестесі: Элизабет Тұрсынбаева өнер көрсетеді Динара Әлімбекова 1996 жылы 5 қаңтарда Қарағанды облысы Абай ауданында дүниеге келген. 3 жасында отбасымен Беларусьтің Чаусы қаласына қоныс аударған. Оның әкесі - қазақ, анасы - беларус. Өзінен кейін Евгений атты інісі бар. Алғашында Динара шаңғы спортымен айналысқан. 2008 жылы биатлонға ауысады. Сол жылы республикалық «Снежный снайпер» жарысында жеңімпаз атанған. Шаңғы жарысы бойынша Беларусь біріншілігінде, халықаралық сайыстарда (2009) және жазғы биатлон бойынша республикалық спартакиадада (2011) чемпион атанған. Одан бөлек, Динара Беларусь құрамасымен Әлем Кубогына қатысып жүр, жасөспірімдер арасында әлем чемпионы, Беларусь Республикасының спорт шебері атанған. Қазір Динара Беларусь мемлекеттік дене тәрбиесі университетінің шаңғы спорты және биатлон кафедрасында білім алып жатыр. Айта кетейік, бүгін Пхенчхандағы ХХІІІ қысқы Олимпиада ойындарында  биатлоннан әйелдер арасындағы 4х6 шақырымдық эстафеталық жарыста беларусьтік спортшылар жеңіске жетті. Команда құрамында Надежда Скардино, Ирина Кривко, Динара Әлімбекова және Дарья Домрачева сынға түскен еді.  
http://www.inform.kz
23 ақпан 2018 ж. 934 0

PDF нұсқалар мұрағаты

34-311

22 тамыз 2019 ж.

33-310

15 тамыз 2019 ж.

32-309

08 тамыз 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031