» » АЙМАҚТА «БАСТАУ БИЗНЕС» ЖОБАСЫ КЕҢ ҚАНАТ ЖАЙДЫ

АЙМАҚТА «БАСТАУ БИЗНЕС» ЖОБАСЫ КЕҢ ҚАНАТ ЖАЙДЫ

 Қызылорда облысында «Бастау Бизнес» жобасы белгіленген межеден артығымен орындалып отыр. Жоспар бойынша өңірде 187 кәсіпкерлік нысан ашылуы керек болса, нәтижесінде 358 сырбойылық несие алып, өз бизнесін бастауға мүмкіндік алыпты. Жалпы бағдарлама аясында мыңға тарта адам қайта оқытылып, кәсіпке бейімделген.
    «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсібін бастап кеткен жанның бірі - Фарида Балабекова. Жаңақорғандық кәсіпкер былтыр бір жарым миллион теңге жеңілдетілген несиеге қол жеткізіп, 3 құлынды бие сатып алды. Күніне әр биеден 5-6 литрге жуық саумал сауылады. Литрін 500 теңгеден аудан тұрғындарына сатқан Фарида малдың жем-шөбін алып, несиені өтеп, отбасының нанпұлын да тауып отыр.
    Фарида Балабекова, кәсіпкер:
    - Буаз тағы бір бием қорада тұр, көктемде сәуірде сауа бастаймыз. Еркек тайларды сатып, орнына тағы ұрғашы бие алып, сөйтіп айналдыра береміз ары қарай.
    Жалпы Жаңақорған ауданы бойынша өткен жылы 300 миллион теңгеге жуық несие беріліп, жүзден астам кәсіпкерлік нысандары ашылды.        
    Заура Қарабалаева, облыстық кәсіпкерлер палатасы аудандық филиалының үйлестірушісі:
    - Бізде былтыр 195 адам оқытылды, соның ішінде 111 адам қаржымен қамтамасыз етілді осы «Бастау Бизнес» жобасы бойынша жеңілдетілген 6% несиелендіріліп, жұмыс жүргізіп отыр барлығы. Жас ерекшеліктеріне қарасақ көбісі жастар Жаңақорған ауданында белсенділік танытып отыр.
    2017 жылы «Бастау Бизнес» жобасына аймақтың 5 ауданы кіргізілсе, биыл Жалағаш пен Сырдария ауданының тұрғындары да қатыса алады. Жалпы жыл соңына дейін 1600 қызылордалық оқытылып, кемінде 320 жобаны қаржыландыру жоспарланып отыр.
    24.kz
26 ақпан 2018 ж. 547 1

Гость JeaKeenny от 7 наурыз 2019 06:48
Achat De Viagra En Pharmacie Buy now worldwide isotretinoin shop Cialis Viagra Sans Ordonnance generic viagra Styplon

PDF нұсқалар мұрағаты

03-332

23 қаңтар 2020 ж.

02-331

16 қаңтар 2020 ж.

01-330

09 қаңтар 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031