» » СҮЙІКТІСІНЕ САҚИНА СЫЙЛАЙМЫН ДЕП...

СҮЙІКТІСІНЕ САҚИНА СЫЙЛАЙМЫН ДЕП...

 Қазақстандықтардың таксиде көбінесе қандай заттарын ұмытып кететіні белгілі болды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.
Биылғы қыста Қазақстандағы Яндекс.Такси пайдаланушылары көбінесе көліктің ішінде телефондарын, әмияндарын, бас киімдері мен қолғаптарын ұмытып кеткен. Бұл туралы тұтынушыларға қолдау көрсету қызметі мәлім етті.
Қазақстан тұрғындары Яндекс.Таксидің қолдау көрсету қызметіне көбіне сенбі күнгі таңғы уақытта хабарласады екен. Іздестірілген заттардың арасында шелек, тәтті нан салынған науа, бұрғылау құралдары, алқа болған. Жаңажылдық түнде бұл тізімге музыкалық колонкалар, «Наполеон» торты және бірнеше қапталған сыйлық қосылған.
Такси жүргізушілері болса адамдар машинада әмиян, ноутбук, кілт және құжаттарын жиі ұмытып кететінін айтады.
Бірде такси жүргізушісі сүйген қызына ұсыныс жасамақшы болып, жол-жөнекей үлкен гүл шоғын сатып алған жігіттің қызына беретін сақинасын машинада ұмытып кеткенінің куәсі болған.
Яндекс.Такси баспасөз қызметі мәлім еткендей, әдетте, машинада қалып қойған затты қайтарып алу қиын емес: сервистің ережелері бойынша жүргізуші табылған затты өзі жұмыс істейтін таксопаркке апарып тапсыруы тиіс. Оған қоса, заттың жоғалғаны бірден аңғарылатын болса, пайдаланушы «Сапарлар тарихы» арқылы жүргізушінің өзімен байланысқа шыға алады. Егер жүргізуші алыстап кетпеген болса, ол жолаушымен келісіп, жоғалған затты қайта әкеліп беруі мүмкін. Тапсырысты орындаған жүргізушінің телефон нөмірі бір тәулік бойы сақталады.
27 ақпан 2018 ж. 1 534 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-323

14 қараша 2019 ж.

45-322

07 қараша 2019 ж.

44-321

31 қазан 2019 ж.

Хабарландыру

Экономика

U-STUDY

U-STUDY

13 қазан 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930