» » ШЕНДІЛЕР ШЕҢБЕРІНДЕГІ ШАРА

ШЕНДІЛЕР ШЕҢБЕРІНДЕГІ ШАРА

  2017 жыл көлемінде жоғары көрсеткіштерге қол жеткізіп, қызметтік міндеттерін адал орындағаны және резонансты қылмысты ашу, қылмыскерлерді анықтау кезінде жоғары кәсібилік танытқан  Қызылорда қалалық ішкі істер басқармасы Криминалды полиция бөлімінің жедел уәкілдері арасында конкурс өткізілді. Бұл туралы Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі  хабарлады.
    Жеңімпаздарды анықтау үшін полиция қызметкерлерінің жұмыс көрсеткіші, тәулік ішінде ашқан қылмыстарының саны, орындаушылық тәртібі, жүргізген арнайы іс-шаралары басшылыққа алынды. Нәтижесінде «Үздік жедел уәкілі» аталымына полиция аға лейтенанты Бейбарыс Қалымбетов, «Әзірлемеші жедел уәкіл» аталымына полиция майоры Талғат Боханов, «Алғыр жедел уәкіл» аталымына полиция лейтенанты Дастан Бектаев лайықты деп танылды.
    Департаменттің үлкен мәжіліс залында өткізілген әскери-қызметтік даярлық сабағында үздік деп танылған полиция қызметкерлері басқарма бастығының дипломдарымен және естелік сыйлықтармен марапатталды. Шараға полиция қызметкерлерінің ата-аналары да қатысып, Алғыс хатқа ие болып, гүл шоқтары табыс етілді.
27 ақпан 2018 ж. 538 0

PDF нұсқалар мұрағаты

21-350

28 мамыр 2020 ж.

19-348

14 мамыр 2020 ж.

18-347

07 мамыр 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930