» » Ерекше жұлдыз-жорамал

Ерекше жұлдыз-жорамал

 1-7 наурыз
Тоқты
Апта жақсы жаңалықтармен басталмақ. Достарыңыз арасында кішкене келіспеушілік болуы мүмкін, не болса да сабырмен қабылдаңыз. Қаржы жағынан қиындықтар тууы мүмкін. Ақшаны үнемдеп жұмсаңыз.

Торпақ
Бір жақсы іс жасап, беделіңіз жоғарылайды. Белсенді болуға тырысыңыз. Міндетті түрде жолыңыз болады. Болашағыңыздың жарқын болуына әсер ететін тұлғалармен танысасыз. Кездесуде сөз таластырудан аулақ болыңыз.

ЕГІЗДЕР
Аптада той-томалаққа барып көңіл көтеруіңіз мүмкін. Соның арқасында көптен көрмеген ескі танысыңызды кезіктіріп, тың жобаларды жүзеге асыруға жол ашылмақ. 

ШАЯН
Жұмыс арасында демалған да дұрыс. Асықпай-аптықпай жасаған ісіңіздің жемісін көресіз. Іскерлік жағдайыңыз немесе оқуыңыз біраз тыныштыққа кенеледі.

АРЫСТАН
Көрген-түйгені мол адамдармен араласу рухани толастап, тәжірибелі болуға себін тигізеді. Кәсібіңіз бен жеке өміріңіздегі бас қатырарлық мәселелер өздігінен шешіледі.

БИКЕШ
Іскерлік байланыстар нәтижелі болмақ. Мүмкіндік болса, қызмет ауыстыру да артық етпейді. Жаңа жұмыс, жаңа орта, жаңа таныстық бәрі жақсылыққа бастағалы тұр.


ТАРАЗЫ
Басыңызды тік ұстаңыз. «Тек алға» деген ұранмен жүріңіз, сонда сізде бәрі болады. Жұмыс барысында төзімді бола біліңіз. Сіз үшін осы апта ауыр болмақ. Келісімшартқа қол қоймаған жөн. Алдағы мақсатыңызға жетуге талпыныңыз.


САРЫШАЯН
Уақытыңыз зая кетпесін. Осы кезеңде жасайтын істің барлығы да жасалып біту керек. Сонда ғана көздеген мақсатқа қол жеткізесіз және жұмыс та табысты болмақ.

МЕРГЕН
Ата-анаңызбен жолығып, көптен бері өзіңізді мазалап жүрген сұрақтардың жауабын алатын кез келеді. Бастапқыда психологиялық тұрғыдан қатты қиналасыз. Күш-жігердің арқасында барлық қиындықты жеңіп, мықты бола аласыз.

ТАУЕШКІ
Бұл аптаның жағымды жаңалығы мол. Қандай да бір шешілмеген мәселені айналшықтамай, жаңа бастамаларды қолға алуға тырысыңыз. Сондай-ақ дау-дамайдан барынша алыс жүріп, көтеріңкі көңіл-күйді түсірмеңіз.

СУҚҰЙҒЫШ
Апта басында алыс сапар күтіп тұр. Басшылық тарапынан  лауазымды қызмет ұсынылып, табысқа бір табан жақындайсыз.

БАЛЫҚ
  Үміт артқан адамдардан көңіліңіз қалуы да мүмкін. Алайда жаңа жұмыстар бастап, биікке көтерілесіз. Кей қиындықтардың шешімін уақыт еншісіне  қалдырып, сабыр сақтаған жөн болмақ.

01 наурыз 2018 ж. 10 703 7

Гость JeaKeenny от 13 ақпан 2019 07:00
Revatio cheap cialis online Buy Viagra Europe Cialis Generico Visa Electron

Гость JeaKeenny от 5 наурыз 2019 05:04
Clomid Celestene Where To Buy Cialis Online Safely No Rx Dog Cephalexin Uses cialis online Motilium Otc

Aaronenhab от 8 сәуір 2019 00:30

MichaelAmugh от 8 сәуір 2019 01:15

Bennydep от 16 маусым 2019 00:16

PDF нұсқалар мұрағаты

25-302

20 маусым 2019 ж.

24-301

13 маусым 2019 ж.

23-300

06 маусым 2019 ж.

Спорт

ЖЕРЛЕСТЕРДЕ ЖЕТІ ЖҮЛДЕ
22 маусым 2019 ж. 21

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930