» » ЖАҢҒЫРУ КӨШЕДЕН БАСТАЛСА ЕКЕН...

ЖАҢҒЫРУ КӨШЕДЕН БАСТАЛСА ЕКЕН...

  • Қай жерге апарайын, қызым?
  • Сұлтан Бейбарыс көшесіндегі «Шығармашалық үйіне» дейін...
  • Е,е, Сұлтан Бейбарыс дейсің бе? Ол – құлдыққа сатылып барып, 17 жыл бойы тұтас Египетті билеген қазақ баласы. Мына Атыраудың бойынан кеткен ғой бала кезінде. Беріш тайпасынан. Мешіт салдырған, маңғол жаулаушыларынан жалпы араб әлемін сақтап қалған... Қазақтың намысы, рухы ғой оны жат жерде биікке көтерген...
Бұл такси жүргізушісімен болған әңгіме. Сөздің басы сұлтан Бейбарыстан басталғанымен, нағыз қазақтың ержүрек ұл-қыздарының ерлігін тамсана айтып, бір-ақ тоқтадық. Рас, күнделікті күйбең тірлікпен  бізді осы күнге жеткізген тұлғаларды тек көше, арнайы орын атауын атағанда ғана еске аламыз. Байқасақ, көше атауларының ұлт ұландарын ұмыттырмауда алар орны бөлек екен. Соңғы уақытта Қызылордадағы біршама көше атауы қазақшаланған. Ендігі жылы 200 жылдығын тойлайтын қаламызда 757 атаулы жол бар екен.  Алайда неге екенін кім білсін, Проездная, Метеорологический, Гидроузел, Училищная көшесі,  Карьерный тұйығы сол күйі өзгертілмеген. Мұнан бөлек, Хон Бен До 1, 2, Герман Титов-1, 2,3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, Игорь Курчатов, Александр Фадеев, Елизавета Чайкина, Александр Герцен, Алексей Донской, Генадий Рашин, Петр Чайковский, Тарас Шевченко, Иван Тургенев, Иван Панфилов, Александр Пушкин, Петр Артемов, Хан Евгений, Ге Бон У, Цай Ден Хак, Александр Мин, Михаил Янышин, Иван Журба есімімен аталған көшелер бар. Абайдың көшесі, Ресейдің бір қаласында тұрса қуанасың, өйткені ол – әлемдік тұлға. Сондықтан, соңғы тізімдегі бұл тұлғалар турасында ештеңе дей алмаймыз, мүмкін бірінің Сыр еліне еңбегі сіңген болар. Ал, Проездная, Метеорологический секілді атаулардың өзгермеуіне не себеп? Салғырттықтан көреміз бе, тағы? Көкшетауда Кеңес үкіметінің шектен тыс идеологиясының арқасында, бірі қалмай орысшаланған көше атауларына ашынған тұрғындар «Көкшетауда көше көп. Итбай болсын, Битбай болсын, Күншығыс болсын, Итжығыс болсын. Әйтеуір ана тілімізге 60 көшені ауыстырып алайықшы» деп жүріп, Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай, 57 көшесіне қазақы атау бергізген еді. Солтүстікке қарағанда, оңтүстіктегі жағдай көш ілгері. Сыр елінде Сырдарияның сол жағалауынан келер жылы Рухани жаңғыру орталығы бой көтереді. Мұның да, себебі жоқ емес. Руханияттың қайнар көзі оңтүстікте, демек Елбасы айтқандай сана ісімізден озып жүруі тиіс. Тәуелсіз елдің көшесі де тәуелсіз болсын. Атаған сайын есімізге елімізді «бөліп алып, билеген» КСРО емес, ел мақтаныштары түссін. Рухани жаңғыруға мұның да үлесі бар.  Бұл қалалық мәдениет бөліміне бізден бір құлаққағыс.
Айдана ЖҰМАДИНОВА
21 желтоқсан 2017 ж. 364 1

Гость JeaKeenny от 28 ақпан 2019 23:26
Buy Mirapex No Prescription Generico Do Viagra Da Sandoz viagra Ciprocinal Tablete Fincar 5mg Acheter Kamagra Oral Jelly

PDF нұсқалар мұрағаты

№ 12 (289)

21 наурыз 2019 ж.

№ 11 (288)

14 наурыз 2019 ж.

№ 10 (287)

07 наурыз 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031