» » Ерке Есмаханның ендігі әрекеті қандай?

Ерке Есмаханның ендігі әрекеті қандай?

  Енді аты аталған әріптестерінің қатарына Ерке Есмахан да қосылмақ ниетте. Бұл туралы Ерке Tengrinews.kz сайтының “The Эфир” жобасына берген сұхбатында айтты.
“Кино түсіретінім рас. Сынға дайынмын, мені көрермендер жақсы көреді, қолдайды деген ойдамын. Өзім де көрерменнің үмітін ақтаймын деген ойдамын. Бұл да бір белес. Әнші ретінде аяғыма тұрып, еңсемді көтеріп, бір дәрежеге жеткен кезде адамда әрі қарай талпыныс болу керек. Толдым, бітті, енді мен мен күштімін деген болмайды. Сондықтан да бір нәрсені басынан бастау керек болады. Міне, енді тәй-тәйлап қадам басайын деп тұрғаным – бұл кино әлемі”, – дейді Ерке ағынан жарылып.
Әнші кино түсіру үшін арнайы команда жасақтап, талмай-тынбай еңбектеніп жатқан көрінеді. Жаңалықтың шетін шығарғанымен, Ерке нақты қандай кино түсіретінін құпияда қалдырды.
“Бір бастан екі бас, екі бастан үш бас жақсы дейді. Бұл киноның артында үлкен ұжым тұр, қаншама бас тұр. Мен кино саласының дамып келе жатқанына өте қуанамын. Қазір әншілер де, актрисалар да, жеке кәсібі бар адамдар да кино түсіріп жатыр. Мен ойлаймын, бәсеке бар жерде сапа бар. Сапа бар жерде ол халыққа тәрбие береді, үйретеді. Халық ертең өзі түсінетін болады, қайсысы сапалы, қайсысы сапасыз”, – дейді Ерке.
Есмаханның Еркесі сынға қазірден бастап өзін дайындап жатқанын айтады. Ол әншілердің де сапалы кино түсіре алатынын алға тартып, сыншыларға алдын ала жауап берді.
“Оқуын оқып, киноның түбіне жеткен сыншылар бар. Олар “әншілер кино түсіріп, басымызға бәле болды ғой” деп айтатын шығар. Бірақ енді сұраныс бар. Оған Нұрлан Қоянбаев, Нұртас Адамбай, Әсел Сәдуақасова, Құралай Анарбекова, Қайрат Нұртас дәлел. Неге мен де келмеске? Менің де сценарийім кем болмайды. Осы бірінші кинодан кейін түсінетін боламыз”, – дейді Ерке Есмахан.
15 шілде 2018 ж. 1 209 0

PDF нұсқалар мұрағаты

13-342

02 сәуір 2020 ж.

12-341

27 наурыз 2020 ж.

11-340

19 наурыз 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930