» » "Қайсар" жаңа ойыншыларын таныстырды

"Қайсар" жаңа ойыншыларын таныстырды

Қызылордада «Қайсар» футбол командасының таныстырылымы болып өтті. Осыдан жарты ғасыр бұрын Сыр жерінде алғаш рет кәсіби футбол командасы құрылған болатын. Осы жылдар ішінде «Автомобилист» атауымен басталған «Қайсар» бүгінде жанкүйерлерінің жүрегінен ерекше орын алып отыр.
Аймақ басшысы спорт жанкүйерлерін жаңа маусымның басталуымен құттықтап, спортшыларға үлкен сенім білдірді.
«Биылғы маусымда «Қайсардың» намысын қорғайтын футболшыларға үлкен жауапкершілік артылмақ. Өйткені, биыл Қызылорда футболы жарты ғасырлық мерейтойын мерейлі жылда атап өтеді. Сонымен қатар, Астана қаласының 20 жылдығы аясында Қызылорданың 200 жылдық мерейтойы басталып кетті. Осы айтулы датада ойыншыларымыз бізге үлкен сый жасайды деген үміттеміз»,-деді облыс әкімі.       
Өткен маусымда «Қайсар» командасы өз міндетін жақсы орындап, чемпионатта 6-шы орынды иеленген болатын.

«Биылғы жылғы басты міндет- өткен жылғы көрсеткіштерді жақсарту. 
Облыстың бас командасы кем дегенде бесінші орынды алу керек. Өткен маусымда қасқырлар намысын қорғауда жерлесіміз Мақсат Байжановтың еңбегі зор болды. Биылғы маусымда қос бірдей жерлесіміз- Асхат Тағыберген мен Дәуренбек Тәжімбетов туған елге оралды. Қызылордалықтардың «Қайсарда» ойын көрсетуі жанкүйерлер үшін де, жас  футболшылар үшін де маңызды деп білемін»,-деді аймақ басшысы.
Шара барысында «Қайсар» футбол командасы жаңа киім үлгілері де таныстырылды.
07 наурыз 2018 ж. 404 2

Гость JeaKeenny от 18 ақпан 2019 03:02
Vendita Levitra Bayer Canadian Pharm Meds Achat Viagra Generique cialis online Precio De Cialis En Andorra Best Cialis Online Cytotec 200mcg

Гость JeaKeenny от 9 наурыз 2019 04:02
Intranasal Amoxicillin Capsule In Lavage Does Cephalexin Work On Nail Infections Livial generic levitra 40 mg Lioresal Et Alcool

PDF нұсқалар мұрағаты

29-306

18 шілде 2019 ж.

28-305

11 шілде 2019 ж.

27-304

04 шілде 2019 ж.

Спорт

ҒАФУР ҒАЙЫП БОЛДЫ
20 шілде 2019 ж. 68
ОЛЖАМЕН ОРАЛДЫ

ОЛЖАМЕН ОРАЛДЫ

19 шілде 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031