» » «КӨКТЕМ-2018» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖАТТЫҒУ ӨТУДЕ

«КӨКТЕМ-2018» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖАТТЫҒУ ӨТУДЕ

 Қызылорда облысы аумағында «2018 жылғы көктемгі су тасқыны кезеңіндегі төтенше жағдайларды жою кезіндегі іс-қимылдарға азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің басқару органдарын, күштері мен құралдарын даярлау» тақырыбында «Көктем–2018» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы 5 наурыз күні басталды.
    Қызылорда облыстық ТЖД хабарлауынша оқу-жаттығу екі кезеңнен болды. Бірінші кезеңде жағдайдың талдауы, шешім қабылдау үшін ұсыныстар, жоспарлау нұсқалары, көктемгі кезеңдегі төтенше жағдайды жоюдың мемлекеттік жүйесі дайындалды. Оқу-жаттығу барысында 2018 жылдың 5 наурызында Қызылорда қаласы Тасбөгет кентіндегі Қызылорда су торабында облыстық азаматтық қорғаныс және авариялық құтқару құрылымдарының күш-құралдарының саптық қарауы өткізілді. Саптық қарауды Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті мен Қызылорда облысы әкімшілігінің Жұмылдыру дайындығы басқармасы басшылары бірлесіп жүргізді. Саптық қарау барысында әр қызметке нақты тапсырмалар қойылып, міндеттер жүктелді.
    Сондай-ақ, көктемгі су тасқыны кезеңіндегі жергілікті азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар құрылымдарының күш-құралдарының, сондай-ақ, гидротехникалық құрылғылардың, көліктік коммуникациялардың, құлақтандыру жүйесінің  төтенше жағдайларға әрекет етуі тексерілді.
    Бұған қоса, су басу қаупі бар аумақтардың, су өткізу орындарының және басқа да инженерлік  құрылғы қорғаныстарының жағдайлары мен саны нақтыланды. Қала және аудандар бойынша жинақталған  жанар-жағар май, азық-түлік, дәрі-дәрмек, палаткалар қорлары да тексеріледі.
    Екінші кезеңде құтқару және басқа да кезек күттірмес жұмыстардың жүргізілуі тәжірибе жүзінде сыналды. Қызылорда қаласы Талсуат елді мекенінде авариялық құтқару құрылымдарының күш-құралдары өз дайындықтарын шынайы  күйде көрсетті.  Осындай оқу-жаттығу  барлық аудандарда да өткізілді.
    Оқу-жаттығуға облыс бойынша 277 құрылым құрамындағы 866 техникасы мен 3041 адамы жұмылдырылды. Оқу-жаттығу 6 наурызда қорытындыланатын болады.

06 наурыз 2018 ж. 568 0

PDF нұсқалар мұрағаты

12-341

27 наурыз 2020 ж.

11-340

19 наурыз 2020 ж.

10-339

14 наурыз 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031