» » КІШІ ФУТБОЛДАН ЖАРЫС ӨТТІ

КІШІ ФУТБОЛДАН ЖАРЫС ӨТТІ

 Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы  аясында Ақсуат ауылдық округі әкімі М.Ақмырзаевтің ұйымдастыруымен  Ақсуат ауылдық округі, «Сыр самалы» балабақшасы, мектеп қызметкерлері және ауыл жастары  арасында №268 мектеп-лицейінде кіші футболдан жарыс өткізілді.
 Жарысқа Ақсуат ауылдық әкімшілігі, №268 мектеп-лицейі, №143 орта мектеп, «Сыр самалы» балабақшасы, ауыл жастары 1, ауыл жастары 2 болып жарысқа қатысты. Жарыстың ашылу салтанатына  Ақсуат ауылдық округі  әкімі М.Ақмырзаев жарысқа қатысушы командаларға  мемлекет басшысының  «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру  бағдарламасының қаншалықты маңызды екенін атап, әр бағыттар бойынша таныстырып жобаның маңыздылығын жастар санасына  сіңіріп, спортшыларға  сәттілік тіледі. Ойын қызықты және  тартысты түрде өтті.  Спортшылардың спортқа деген  қызығушылығы артты. Жарыстың үздік ойыншылары  сайыс барысында  доп алып жүру техникасы, нәтижелі пас беру, қақпаға  допты тура бағыттау жағынан көзге түсе білді. Команда капитандары өз ойыншыларын алға сүйреп, шыдамдылық пен төзімділікке баулып, ойын шиеленіскен уақытта жігерлендіре білді. Футбол жарысында №268 мектеп-лицей және ауыл жастары  командалары кіші футбол жарысында тактика жағынан  жоғары шеберлік көрсетті.Жарыс нәтижесі бойынша  алғыс хаттар мен І,ІІ,ІІІ дәрежелі дипломдармен және кубоктармен  марапатталды. Жарыс нәтижесі бойынша ІІІ орын иеленген №143 орта мектеп командасы, ІІ орын иеленген №268 мектеп-лицей командасы, І орын иеленген Ауыл жастар командасы марапатталды.Жарыстың жабылу салтанатын Ақсуат ауылдық округі жастар жетекшісі Есенгелдиев Қайрат қорытындылады.
09 наурыз 2018 ж. 1 159 0

PDF нұсқалар мұрағаты

31-360

06 тамыз 2020 ж.

30-359

31 шілде 2020 ж.

29-358

23 шілде 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31