» » ЖҮРГІЗУШІЛЕРДІ ЖҮГЕНДЕЙТІН ШАРА

ЖҮРГІЗУШІЛЕРДІ ЖҮГЕНДЕЙТІН ШАРА

 Облыс көлемінде 27- ақпанмен 1-наурыз аралығында ОІІД Жергілікті полиция қызметі, Әкімшілік полиция қызметі, Көліктік бақылау комитетінің аумақтық бөліністерімен, Кірістер департаменті және қоғамдық бақылау өкілдерімен бірлесіп, «Автобус» профилактикалық іс-шарасы өтті.
Шара барысында 212 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде, ҚРӘҚБтК-нің 590.9-бабымен (көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу) мемлекеттік немесе міндетті техникалық қарап-тексеруден өтпеген 15 автокөлік, ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабымен (көлік құралын тиісті құжатсыз басқару) Құжаты жоқ 18 жүргізушінің көлік құралын басқару дерегі анықталып, автокөліктер айып алаңына қойылды. Сондай-ақ ҚР ӘҚБтК-нің 592-бабымен 11 жүргізуші жылдамдықты асырса, ҚР ӘҚБтК-нің 590.7-бабымен 3 жүргізуші тиісті рұқсатсыз қайта жабдықталған көлік құралын басқарған.  ҚР ӘҚБтК-нің 600-бабымен, яғни жаяу жүргіншіге жол беру қағидатын бұзғаны үшін 7 автобус жүргізушісіне әкімшілік хаттама рәсімделіп, рейс алдындағы медициналық тексеруден өтпеген жүргізушінің басқаруына рұқсат беру бойынша 1 дерек анықталды.
13 наурыз 2018 ж. 518 0

PDF нұсқалар мұрағаты

34-311

22 тамыз 2019 ж.

33-310

15 тамыз 2019 ж.

32-309

08 тамыз 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031