» » Жаңа мектеп су астында қалды

Жаңа мектеп су астында қалды

Брифинг
Қазалы ауданына қарасты Аранды ауылындағы №97 мектептің ауласын су басып, сабақ уақытша тоқтатылған болатын. Төтенше жағдай жаңбырдың мол жаууынан болған. Аймақ басшысының тапсырмасына сәйкес, мектеп аумағында арнайы комиссия құрылып, жұмыс істеуде. Бүгінде техниканың көмегімен ауладағы су тартылып, тазарту жұмысы жүргізілді.
 Аталған мектеп 2015 жылы пайдалануға берілген. Бірақ ылғалдың салдарынан іргетасы шөгіп, қабырғасы жарылған. Тіпті еденге де зақым келген. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының орынбасары Алмат Ізбасар мәлімдеді. Облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Бағдат Бердәулетов №97 мектептің оқушылары көрші ауылдағы мектепте оқуын жалғастыратынын айтты.
– Аранды елді мекенінің оқушылары көрші Қожабақы аулындағы 624 орындық мектепте оқиды. Онда 300 бала бірінші ауысымда білім алады. Ал Арандының 98 оқушысы екінші ауысымда оқитын болады. Қазалы ауданының әкімдігі оқушылар мен мұғалімдерге арнап арнайы көлік бөлді, – деді Бағдат Бердәулетов. Сонымен қатар тұрмысы төмен отбасылардың балалары ыстық тамақпен қамтамасыз етіледі.
Айгүл ӘЛІШЕРОВА
12 наурыз 2018 ж. 217 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№ 02 (279)

09 қаңтар 2019 ж.

№ 01 (278)

04 қаңтар 2019 ж.

№ 52 (277)

27 желтоқсан 2018 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031