» » Құлаққап киген оқушыны пойыз қағып кетті

Құлаққап киген оқушыны пойыз қағып кетті

 «Павлодар - Астана» бағытындағы электр пойызы 12 жасар баланы қағып кетті. Жеткіншек түрлі жарақаттармен облыстық балалар ауруханасына жеткізілді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.
Куәгерлердің айтуынша, ұл бала құлаққап киіп алып, жаяу жүргіншілер өтетін жолдың реттелмейтін тұсынан, Хромзауыт ауданындағы соңғы аялдаманың жанында өтіп бара жатқан. Сол сәтте бұрылыстан «Павлодар - Астана» бағытындағы электр пойызы шыға келген. Соққы салдарынан бала шетке құлап, жолдардың арасына түскен. Абырой болғанда, тірі қалған.
«Ол жедел жәрдем арқылы 17 наурыз күні біздің ауруханаға сағат 15.30-да жеткізілді. Жасөспірімнің бас миы жарақат алып, алақан және бет сүйектері сынған. Қазіргі таңда жарақат бөлімінде нейрохирург дәрігердің бақылауында», - дейді облыстық балалар ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Ирина Орсагош.
Дәрігерлердің айтуынша, баланың жағдайы орташа ауыр деңгейде. Баланың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.
Baq.kz
20 наурыз 2018 ж. 380 0

PDF нұсқалар мұрағаты

33-310

15 тамыз 2019 ж.

32-309

08 тамыз 2019 ж.

31-308

01 тамыз 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031