» » Басқарма басшысы тағайындалды

Басқарма басшысы тағайындалды

 Қызылорда облысының кәсіпкерлік және туризм басқармасының басшысы лауазымына Намаев Бақытжан Біләлұлы тағайындалды.
Б. Намаев 1964 жылы туған. С.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің «Саяси экономия», Қ. Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің «Мұнай-газ құбырлары мен қоймаларын жобалау, салу және пайдалану» мамандықтары бойынша білім алған.
Сонымен бірге, М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің аспирантурасын бітірген. Экономика ғылымдарының кандидаты.
Еңбек жолын 1985 жылы Өскемен құрылыс-жол институты жалпытехникалық факультетінің ассистенті ретінде бастаған.
Өзінің еңбек жолында Бақытжан Біләлұлы жеке сектор мен «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының жүйесінде жауапты басшылық лауазымдарда қызмет атқарған.
Осы қызметке тағайындалмас бұрын «Батуми мұнай терминалы» компаниясының бас директоры лауазымында болған.
20 наурыз 2018 ж. 494 0

PDF нұсқалар мұрағаты

07-336

20 ақпан 2020 ж.

06-335

13 ақпан 2020 ж.

05-334

06 ақпан 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
242526272829