» » СЫРДАРИЯДА ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІ МЕРЕКЕСІ ТОЙЛАНДЫ

СЫРДАРИЯДА ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІ МЕРЕКЕСІ ТОЙЛАНДЫ

 Бүгін аудан орталығы Тереңөзек кентінде Ұлыстың Ұлы күні мерекесіне арналған мерекелік іс-шаралар өтті. Жаңа жыл мейрамына орай ұйымдастырылған іс-шараға аудан тұрғындары мен қонақтары қатысып, театрландырылған қойылымды тамашалады. Аудан әкімі Ғанибек Қазантаев жиналғандарды көктемнің шуақты мерекесімен құттықтап, ізгі тілегін білдірді.
Сонымен бірге, бірқатар азаматтарға Құттықтау хат табыс етті. Мерекелік іс-шара барысында қазақы үлгіде әспеттелген киіз үйлер тігіліп, ұлттық нақыштағы көрмелер мен спорттық жарыстар ұйымдастырылып, атадан-балаға мирас болып келе жатқан салт-дәстүрлер дәріптелді. Бесік салар, тұсаукесер, теңге жасыру рәсімдері ұйымдастырылды. Наурыз мейрамына жиналғандар мерекенің басты тағамы наурызкөжеден ауыз тиіп, бір-біріне ақ тілектерін арнады. Әсем әндерді әуелете шырқаған көркемөнерпаздар аудан тұрғындары мен қонақтарына көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
                                Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі
21 наурыз 2018 ж. 547 0

PDF нұсқалар мұрағаты

42-319

17 қазан 2019 ж.

41-318

10 қазан 2019 ж.

40-317

03 қазан 2019 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

06 қазан 2019 ж.

Экономика

U-STUDY

U-STUDY

13 қазан 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031