» » Ринат Зайытов: Келесі президент әнші болатын шығар

Ринат Зайытов: Келесі президент әнші болатын шығар

 Танымал айтыскер Ринат Зайытов соңғы кездері әншілердің барлық салада жүргенін сынады. Ақынның айтуынша, қазіргі уақытта әннен әнші көп.

Бұл туралы айтыскер продюсер Зарина Мүслімнің «Сөккен әңгіме»бағдарламасында айтты, деп жазады Stan.kz.
Айтыскер-ақын Ринат Зайытов соңғы кездері әншілердің барлық салада бой көрсетіп жүргенін сынады. Тіпті, келесі президент те әнші болатын шығар деген ойын жасырмады.
«Қазір қай жерге барсаң да әншілер. Тамақ жасайтын да, жүргізуші болатын да, депутат болатын да әншілер. Мен ойлаймын, келесі президент те әнші болатын шығар. «Әләуләйлім, халауләйлімнің» деңгейінде өмір сүріп жатырмыз. Халықты әуелі сауатсыздандырамыз, содан кейін надан кейіпке енгіземіз», – дейді айтыскер.
Зайытовтың сөзінше, қазіргі уақытта тыңдармандар әннен жалыққан. Тіпті әннен әнші көп көрінеді.
«Қазір бәрі Қазақстанда әнді дұрыс тыңдайтын көрермен жоқ деп ренжиді. Қазіргі уақытта бәрі жалықты. Әнді құлағымен емес, аяғымен тыңдайды. Музыка ойнап тұрса, аяғы қозғалып тұрса болды. Себебі ән көп. Ал әнші одан да көп», – дейді Ринат Зайытов.
25 наурыз 2018 ж. 1 058 0

PDF нұсқалар мұрағаты

38-315

19 қыркүйек 2019 ж.

37-314

12 қыркүйек 2019 ж.

36-313

05 қыркүйек 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30