» » Соңғы минут синдромы

Соңғы минут синдромы

 Футболдан Қазақстан құрамасы жолдастық кездесуде Болгариядан жеңілді, - деп хабарлайды Vesti.kz. Ойын венгрдің Фельчута қаласындағы "Панчо Арена" стадионында өтті, есеп - 1:2. Венгрияға қарсы ойынмен салыстырғанда Қазақстан құрамасының бас бапкері Станимир Стойлов негізгі құрамда екі өзгеріс енгізді: негізгі қақпашының орнын Владимир Плотников алса, сол қапталдағы қорғаушы ретінде алаңға Гафуржан Сүйімбаев шықты. Бірінші таймда бір гол соғылды. Оны 24-ші минутта болгар капитаны Ивелин Попов он бір метрлік айып добын орындап, салды. Бұл кезде Гафуржан Сүйімбаев Станислав Манолевке қарсы ойын ережесін бұзған еді. Үзілісте Стойлов екі рет ойыншы ауыстырды, олардың бірі нәтижелі болды. 55-ші минутта Еркебұлан Тұңғышбаев есепті теңестірді, ал мұның алдында Роман Мұртазаевтың соққысы қақпа бағанасына тиген болатын. Соғылған голдан кейін де Қазақстан құрамасы тоқтамай, ойында басымдық танытты. Гол соғатын мүмкіндік Мұртазаевта болған - ол асқан жылдамдықпен қарсыласынан озса да, дәл соққы жасай алмады. Алайда матч Болгарияның жеңісімен аяқталды. Соңғы секундтарда Тұңғышбаев ереже бұзып, айып добы белгіленген, оны қарсылас команданың ойыншысы Николай Бодуров сәтті орындап, гол соғып кетті. Еске салайық, 23 наурызда Қазақстан құрамасы Будапеште өткен жолдастық кездесуде Венгрияны 3:2 есебімен жеңген еді. Сол матч екі жылға келісімшарт жасасқан Стойловтың ұлттық құрама жетекшілігіндегі алғашқы кездесуі еді.
.
27 наурыз 2018 ж. 390 0

PDF нұсқалар мұрағаты

38-315

19 қыркүйек 2019 ж.

37-314

12 қыркүйек 2019 ж.

36-313

05 қыркүйек 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30