» » Туған күн бе, туылған күн бе?

Туған күн бе, туылған күн бе?

 "Туған күн" немесе "туылған күн". Туылған күн сөзіндегі -ыл – ырықсыз етіс. Ырықсыз етісте қимылдың иесі болмайды. Қай кітапты, қай сөздікті ашсаңыз да, дұрысы: «туған күн». Әдебиеттен мысал келтірейік: Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады. Абай Құнанбайұлы Кімде-кім шын сүйсе, өз сезімін қадірлейді, өйткені оның ләззаты ыстық жүректен туған. Ілияс Есенберлин Адам тек жаңа туған кезінде: содан соң тек өлер сәтінде ғана бар күнәһарлықтан таза, ақ, адал сезімнің айдынында жүзе алады екен-ау. Оралхан Бөкей Бүгін менің туған күнім, ой, пәлі-ай... Мұқағали Мақатаев Сен туған күн – мерекеміз... Мұхтар Шаханов Төлқұжатыңызда «Туған күні» деп жазылады. «Туған жер, туған өлке, туған-туыс» деп айтамыз. Мұхтар Мағауин: «Туылғанға» дауа жоқ екен. Ендеше, келесі саты – «өлінген!» Туылған» жүрген жерде сауат та, түйсік те жоқ, қара қасқа надандық қана бар. Ең сыпайы сөзіміз деп біліңіз.

28 наурыз 2018 ж. 1 382 0

PDF нұсқалар мұрағаты

47-324

21 қараша 2019 ж.

46-323

14 қараша 2019 ж.

45-322

07 қараша 2019 ж.

Экономика

U-STUDY

U-STUDY

13 қазан 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930