» » Жақсылық Үшкемпіров туралы фильмге кастинг жарияланды

Жақсылық Үшкемпіров туралы фильмге кастинг жарияланды

 Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ «Жеңімпаз» атты толықметражды көркем фильмнің өндірісін бастағалы отыр, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі киностудияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР Астананың 20 жылдығына орай үздік түрік фильмдері көрсетіледі Қазақстандық актриса Қырғызстанның алғашқы мюзиклінде басты рөлді сомдады «Томирис» фильмінде басты рөлдегі актриса бірінші сұхбатын берді Картина Кеңес одағының классикалық күресшісі, әлем чемпионы, Олимпиада чемпионы, КСРО еңбек сіңірген спорт шебері (1980), Қазақ КСР-ның еңбек сіңірген жаттықтырушысы - Жақсылық Үшкемпіровтың өмірі туралы баяндайды. Фильмнің режиссерлері - Бақыт Қайырбеков пен Алексей Каменский. «Қазақфильм» киностудиясы аталған жобаға басты және эпизодтағы рөлдердегі актерлер кастингін жариялайды. Талап бойынша, аталмыш картинаға 5-7 жас аралығындағы ұл балалар (жүзе біліп, атқа міне алуы қажет), 9-15 жас аралығындағы қыз балалар, 15-29 жас аралығындағы арықтау келген жас спортшылар (күресе білуі қажет), 30 дан 60 жасқа дейінгі спортшы ер адамдар (күресе білу қажет), 18-22 жас аралығындағы студент қыздар мен 20 дан 60 жас аралығындағы ерлер мен әйелдер керек.   «Кастингке қазақ тілін меңгерген барлық ұлт өкілдерін шақырамыз. Барлық үміткерлер өздері туралы анкеталық ақпаратты (аты-жөні, жасы, бойы, салмағы, кинодағы тәжірибесі, байланыс телефондары) толтырып, сондай-ақ, фотоға түсіп (тұла бойы, ірі планда анфас және ірі планда профиль) e-mail: mergen_kasting_kz@mail.ru электронды поштасына жіберулері қажет», - делінген хабарламада. Түсірілім тобының талаптарына сәйкес келген үміткермен кастинг-директор  өзі хабарласып, актерлік сынаққа шақырады.

28 наурыз 2018 ж. 556 0

PDF нұсқалар мұрағаты

21-350

28 мамыр 2020 ж.

19-348

14 мамыр 2020 ж.

18-347

07 мамыр 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031