» » Жаңа оқулықтар жобасы талқыланды

Жаңа оқулықтар жобасы талқыланды


2018 жылдың қыркүйек айынан бастап 3-6 және 8-сыныптың оқушылары жаңа оқулықпен білім алады. Қазір оның жобасы әзірленуде. Өкінішке қарай, бұған дейін жарық көрген оқулықтарға қатысты қоғам арасында үлкен дау туған еді. Сондай қателікке тағы жол бермеу үшін Қарағандыда авторлар мен ұстаздар қауымы бас қосып, жаңа оқулықтар жобасын талқылады.
Барлығы 180 жоба ұсынылған. Оның кемшін тұстарын мұғалімдер жіті қарап, кітап авторларына кеңес берді. Әр пән бойынша кемінде 2 оқулықтан жазылған. «Оқулық» республикалық орталығы директорының орынбасары Саят Омаров:«Мұғалімдер бірнеше оқулықтар бойынша өздерінің біраз ұсыныстарын берді. Оның бәрі, талқылаудан, сараптамадан өтеді. Ең соңында республикалық және пәндік комиссия шешімімен ғана білім беру жүйесіне енгізіледі» деді.
13 желтоқсан 2017 ж. 649 0

PDF нұсқалар мұрағаты

06-335

13 ақпан 2020 ж.

05-334

06 ақпан 2020 ж.

04-333

30 қаңтар 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
242526272829