» » ТЕАТР КҮНІНДЕГІ ДУМАН

ТЕАТР КҮНІНДЕГІ ДУМАН

Осыдан 53 жыл бұрын халықаралық Театр институты Вена қаласында өткен конгресте 27 наурызды театр өнерін ұлықтауға арнауды жөн санапты. Міне, содан бері бұл күн кәсіби мереке ретінде атап өтіледі.
 «Театр киім ілгіштен басталады» деген тәмсіл бар. Әрине, бұл пікірде көрермен мәдениеті туралы астарлы ой жатқаны аян. Мәдени-рухани құндылық, эстетикалық тәрбиені де осы театр сахнасынан ұғынасыз. Сондықтан театр өнері саф өнерге баланады.  Облысымыздағы қара шаңырақ саналатын Н.Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театры түрлі тақырыптағы қойылымдармен халықты мәдени, рухани-адамгершілікке тәрбиелеуде өз үлесін қосып келеді. Төл мерекеде  көрермен ықыласына бөленген артистер мерекелік кеш өткізді. Концертпен қатар, лотерея ойындары ұйымдастырылып, жеңімпаздар спектакльді тегін тамашалауға жолдама алды.
Халықаралық театр күні – бұл театр қайраткерлерінің кәсіби мерекесі ғана емес, күллі өнерсүйер қауымның мерекесі. Сахна саңлақтарының кәсіби мейрамы құтты болсын!
29 наурыз 2018 ж. 559 0

PDF нұсқалар мұрағаты

03-332

23 қаңтар 2020 ж.

02-331

16 қаңтар 2020 ж.

01-330

09 қаңтар 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031