» » Тал түсте оқ атылды

Тал түсте оқ атылды

Оқиға
    27 наурызда Әйтеке би көшесінде бір топ жастар төбелесіп, оқ атылып, он сегіз жастағы жігіт ажал құшты. Оқиғаға байланысты өңірлік коммуникациялар қызметінде тиісті мамандар шұғыл түрде баспасөз жиынын өткізді. ОІІД бастығының орынбасары Н.Анарбаев бұзақылық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын айтты.
    – Оқиға орнына жедел-тергеу тобы жетіп, 7-8 адамнан құралған топтың бұзақы әрекеті анықталды. Қылмыстық кодекстің 259-бабының 3-бөлігі бұзақылық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір күдіктілер қалалық ішкі істер бөліміне  жеткізілді, тергеу амалдары жүргізілуде. Тергеу мүддесіне байланысты олар туралы мәліметтер жария етілмейді, - деді Н.Анарбаев.
      Облыстық медициналық орталық директорының міндетін атқарушы Қ.Жундабековтің  айтуынша, оқ тиген науқастың ішкі ағзалары зақымдалған. «Науқас облыстық медицина орталығына ауыр жағдайда жеткізілді. Дереу қабылдау бөлімінен жан сақтау бөліміне жатқызылды. Науқасқа шұғыл ота жасалды. Алайда, көрсетілген реанимациялық шараларға қарамастан жарақаттанған азамат Қызылорда қаласының 2000 жылы туған тұрғыны, өңірдегі медициналық колледждің студенті 27 наурыздың кешінде көз жұмды»,- делінген облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің хабарламасында.
  Баспасөз конференциясына қатысқан жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Е.Меңлібаев қылмыстың алдын алу үшін жасалған шараларға тоқталды. «Жасөспірімдер арасында қылмыстың алдын-алу шаралары жүргізілуде. Оқу орындарының арасында қылмысқа  бару қаупі жиі анықталады. Жергілікті полиция қызметкерлерімен тиісті шаралар жүргіземіз. 27 ақпан-7 наурыз аралығында барлық оқу орындарында, жатақханаларда қылмыстық топтың, экстремизмнің алдын алу бағытында кездесулер өткіздік. Дегенмен қаламызда осындай жағдай орын алды, - деді Е.Меңлібаев.
Мөлдір САБЫРЖАН
28 наурыз 2018 ж. 458 0

PDF нұсқалар мұрағаты

12-341

27 наурыз 2020 ж.

11-340

19 наурыз 2020 ж.

10-339

14 наурыз 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031