» » Ертең Астанада «Қазақстан аруы» анықталады

Ертең Астанада «Қазақстан аруы» анықталады

   «Қазақстан аруы» байқауында бақ сынау үшін Астанаға еліміздің түкпір-түкпірінен 30 бойжеткен жиналды. Олардың бейнетаныстырылымдары ұйымдастырушының YouTube-каналында жүктелген, - деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.
Бұған дейін байқау үміткерлерінің ресми фотосессиялары ұйымдастырылған болатын. Фотосессияны әлемдік сән журналдарының мұқабасына суреттері шығып жүрген fashion саласының маманы Марета Келигова өткізді. Биыл байқау барысында қыздардың табиғи сұлулығына басымдық берілмек. Естеріңізге сала кетейік, финалда Қазақстанның әр қаласынан келген 20 жеңімпаздан бөлек, Инстаграм-кастингпен сұрыпталған 10 сұлу қосымша қатысады. Ақпанның басында ұйымдастырылған кастингке еліміздің 17-25 жас аралығындағы кез келген азаматшасы қатыса алды. Отбасылық жағдайларына байланысты байқауға «Теміртау аруы», «Қызылорда аруы» келе алмады, оқу жағдайына байланысты «Петропавл аруы» байқаудан бас тартты. Олардың орнын қаланың бірінші вице-арулары алмастырды. 22 наурыздан бастап «Қазақстан аруы - 2018» ресми сайтында байқау финалистеріне дауыс беру басталған еді. Байқаудың ақтық кезеңі 31 наурыз күні Астанадағы «Бейбітшілік және келісім» сарайында өтеді.     
30 наурыз 2018 ж. 203 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№ 07 (284)

14 ақпан 2019 ж.

№ 06 (283)

07 ақпан 2019 ж.

№ 05 (282)

31 қаңтар 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728