» » Киокушинкай-кан каратэден Қазақстан кубогы өтеді

Киокушинкай-кан каратэден Қазақстан кубогы өтеді

  6-7 сәуір күндері «Евразия» спорт кешенінде киокушинкай-кан каратэден жасөспірімдер, жастар, ересектер, әйелдер мен ерлер арасында ҚР кубогы өтеді. Дүбірлі бәсекеге еліміздің барлық өңірлерінен 16 команда, 500-ден аса спортшы 25 салмақта сынға түседі.
Жарыстың мақсаты   - маусымда Астана қаласында, тамызда Венгрияда өтетін Азия және Әлем чемионаттарына спортшыларды іріктеу, 3-ші нөмірдегі спортшыларды таңдау, жастарды спортқа тарту, саламатты өмір салтын насихаттау, киокушинкай-кан каратэ спортын дамыту болып табылады.
Қазақстан кубогын ұйымдастырушылар: ҚР Спорт және дене шынықтыру істері комитеті, Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы, Ұлттық республикалық  және облыстық киокушинкай-кан каратэ федерациялары.
Айта кетейік, айтулы жарыс облыста алғашқы мәрте ұйымдастырылуда. Бұған дейін 2014 жылы Қазақстан чемпионаты өткізілген болатын.
Сондай-ақ, Ел кубогының аясында, «Сыр шайқасы» атты халықаралық жолдастық кездесу өтеді. Ойын форматы 3-ке 3 «топтық кездесу». Жарыс барысында Қазақстан құрама командасы Ресей, Белоруссия және Қырғызстан командаларымен бақ сынасады.
Жарыстарда жеңімпаз және жүлдегер спортшылар мен командаларға ҚР Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің диплом, медаль, кубоктары беріледі.
6 сәуір күні жарыс сағат 09.00-де басталады,12.00-де салтанатты ашылуы болады. 
 
04 сәуір 2018 ж. 418 1

Гость JeaKeenny от 6 наурыз 2019 07:17
Propecia Us Woher Kriege Ich Levitra Viagra En Farmacias Espana viagra Cialis 20 Mg Origine

PDF нұсқалар мұрағаты

42-319

17 қазан 2019 ж.

41-318

10 қазан 2019 ж.

40-317

03 қазан 2019 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

06 қазан 2019 ж.

Экономика

U-STUDY

U-STUDY

13 қазан 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031