» » ​"ҚАЙСАР" ҚОЛДАУШЫЛАРЫН ҚУАНТАДЫ

​"ҚАЙСАР" ҚОЛДАУШЫЛАРЫН ҚУАНТАДЫ

Сыр өңірінің спорт саласындағы серпілісі өзге өңірлерге қарағанда едәуір басым. Туған топырақтан қуат алып, төрткүл дүниенің тарландары тайталасқа түскен тартысты бәсекелерде топ жарған түлектер жыл артқан сайын көбейіп келеді. Мысалы, жыл басталғалы үш спортшымыз әлем чемпионатынан олжалы оралды.  Өткен жылы да табыссыз болған жоқпыз. Қандай жарыс болмасын, сыр бермейтін сырбаз спортшылар үйде отырып тілеуін тілеген ағайынды толайым қуанышқа кенелтті. Сондай-ақ, біздің өңірде жаңа ғимараттар есігі айқара ашылып, жергілікті өрендердің саламатты өмір салтын серік етуіне мүмкіндік туды. Тағы бір қуанарлығы, біздің облыс бұрын тек жазғы спорт түрлерінен ғана түрлі жарыстарға қатысып келгені белгілі. Енді олардың қатарына қысқы сайыс түрлері де қосылды. Бұған дәлел жерлесіміз – Элизабет Тұрсынбаева. Төрткүл дүние көз тіккен қысқы Олимпия ойындарына қатысып, үздік 12 спортшының қатарына  енді. Әрине, алғаш рет қатысқан қаршадай қызға бұл үлкен олжа.
Биыл Сырдың сүйікті командасы «Қайсар» клубына 50 жыл. Мерейтой аясында команда алдына үлкен міндеттер жүктеліп отыр. Біріншілікте жоғары көрсеткішке қол жеткізіп, еуропа лигасына доп тебу. Дегенмен біріншіліктің алғашқы үш ойынын сүреңсіз бастаған клубқа жанкүйерлер тарапынан реніште жоқ емес. Жанашыр жанкүйердің жанайқайын өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте басқарма басшысы Олжас Акимовке жеткіздік. Алдымен Олжас Азатұлы "Қайсардың" жеңіске жетуге неге дәрменсіз екенініне жауап қатты.
– Жалпы, клубқа қолдаудың жоғары екені баршаға мәлім. Қаржылық жағдайы да жеткілікті. Спорт болған соң, бірде жеңесің, бірде жеңілесің. Үш ойын ұтпады екен деп "Қайсардан" теріс айналудың қажеті жоқ. Бұл өтпелі кезең. Басы ащы болғанымен соңы тәтті болады. Кешегі "Астанамен" өткен ойыннан кейін клуб бапкері мен ойыншыларымен дидарласып, мән-жайды анықтадық. Жігіттердің айтуынша, жеңісті жолға сәттілік жетіспей жатыр. Келесі кездесуден бастап, жанкүйерімізді қуантамыз деп клуб ұжымы уәдесін берді. Ендеше барлығымыз жұмылып, командаға  қолдау көрсетейік, -деді.
Футбол тақырыбы қозғалған сәтте ойда жүрген сауалды да жолдап қалдық.
– Жергілікті аяқдопшылардан құралған "Байқоңыр" футбол клубының құрылғанына үш жылдан астам уақыт өтті. Құрылған мақсаты да белгілі. "Қайсарға" ойыншылар даярлау. Дегенмен, бұл жүйе жүзеге аспай келеді. Неліктен?
– Сыр өңірінде талантты аяқдопшылар "Байқоңыр" клубы арқылы өсіп келеді. Биыл "Байқоңырдан" 4 ойыншыны "Қайсарға" тәжірибе алмасуға  қатарға қосылды. Алдағы уақытта осы ойыншыларды негізгі құрамнан көреміз деген ниеттеміз.  Ол үшін футболшыларымыз тынымсыз еңбек етуі керек.
Осылайша Сыр спортының басшысы "Қайсардың" жеңісті жолы "Жетісудан" басталады деп  қолдаушыларға сәлемдемесін жеткізді. Ендеше, сүйікті командамыз жеңілмейді деген сенімдеміз. 
Ерасыл ШӘРІБЕК
05 сәуір 2018 ж. 154 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№ 39 (264)

27 қыркүйек 2018 ж.

№ 38 (263)

20 қыркүйек 2018 ж.

№ 37 (262)

13 қыркүйек 2018 ж.

Хабарландыру

Экономика

Ащы, ащы да болса тәтті

Ащы, ащы да болса тәтті

06 қыркүйек 2018 ж.
МЕНТОР ДЕГЕН КІМ?

МЕНТОР ДЕГЕН КІМ?

06 қыркүйек 2018 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031