» » ТУРИЗМ САЛАСЫНДАҒЫ ТЫҢ ЖОБА

ТУРИЗМ САЛАСЫНДАҒЫ ТЫҢ ЖОБА


Еркін Ізмағанбет, Жеңісбек Сұлтанбекұлы, Арнұр Болатбек Hackday фестивалінде «Контент және медиа» бөлімі бойынша II орын иеленді. «Қаланың көрікті жерлерін 3d үлгіде ұсыну» бағдарламасының идея авторы және топ жетекшісі Роза Шермаханова жобаның ерекшелігі мен мақсаты туралы баяндап берді.
– Бұл жобаның идеясы қалай туындады?
– Мен іссапарға жиі шығамын. Бейтаныс қалаға барғанда дәріхана, сыйлық алуға болатын жақсы дүкен, қызықты мәдени нысандар қайда орналасқанын білмейміз. Оны іздеу үшін уақыт және қаражат кетеді. Осыдан кейін «Неге осы мақсатта мобильді қосымшаны қолданбасқа?» деген ой келді. Біз бұл жобаның қонақ үйден бастау алғанын қаладық. Сонда бағдарламаны пайдаланушыда тіркелген қонақ үйінің іші қандай, бөлмелері қандай деген сұрақ туындамайды. Себебі бағдарлама барлық ақпаратты 3d үлгіде көрсетеді. Сондай-ақ, қаланың картасын, көрікті орындарын, туристке қажетті нысандарды (дәріхана, билет кассасы, елшілік ғимараты, театр, спорт алаңы т.б) қамтуды мақсат еттік.
– Жобаның артықшылығы неде?
– Біріншіден, жаңа технология көмегімен ақпарат 3d үлгісінде ұсынылады. Екіншіден, бұл бизнес жоба. Яғни мемлекетке де, демеушіге де тиімді бағдарлама. Сонымен қатар әкімшіліктің ұсынысымен жоба әлеуметтік маңызға ие болды. Мүмкіндігі шектеулі жандар кез келген нысанды үйде зерттеп алғаннан кейін ішінде жүріп-тұруы оңтайланады. Мәселен, емханада дәріхана немесе белгілі бір дәрігердің кабинеті қай қабатта орналасқанын алдын-ала білуге мүмкіндік алады.
– Жоба қашан жүзеге асады?
– Қазір бағдарламаға демеуші іздеудеміз. Қаржылай қолдау тапсақ, бағдарламаны іске қосуға дайынбыз.
Әсел БЕГМАН
                                                            
05 сәуір 2018 ж. 54 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№ 48 (222)

07 желтоқсан 2017 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30