» » 2,5 миллион теңге тұратын әшекей бұйымдар қоқыста жатыр

2,5 миллион теңге тұратын әшекей бұйымдар қоқыста жатыр

Елордада зергерлік дүкеннің күзетшісі 2,5 миллион теңге тұратын білезіктерді байқамай қоқысқа тастап жіберген. Салмағы 5 килограмм болатын күмістен жасалған авторлық әшекей қоқыс жәшігінде болған.

Бұл туралы Елорда Инфо хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.
«Біз тауарды Ақтауға жіберуіміз керек еді. Дүкенде екі күн бойы қоқыс салған қорап болды. Менің ағам қораптағы қоқыстарды лақтырып, онда зергерлік әшекейлер салынған пакетті салып қойған. Мен қоқысты контейнерге тастағанымды білмеймін», – деді күзетші Жандос Әмірхановтың сөзін келтіріп Елорда Инфо.
Күзетші қателік кеткенін бір сағат өткеннен кейін ғана білді. Контейнердегі зергерлік бұйымдарды іздеу кезінде қорап бос болды.
«Зергерлік бұйымдар салынған пәкетті біреулер алып кеткен. Біз оларды белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдар, яғни үйсіздер алып кетуі мүмкін деп ойлаймыз. Маңайдағы барлық бейнебақылау камераларын қарап шықтық. Көп камераның ішінде, біреуі қоқыс айналасын бағытталмаған. Мен бұл бұйымдарды таба алатынымызға сенімдімін. Себебі мұндай әшекейлер тек тапсырыспен ғана жасалады, яғни бұл эксклюзивті бұйымдар», – деді Әмірханов.
Оның айтуынша, келтірілген шығынның мөлшері 2,5 миллион теңгені құрайды. Дүкен басшылығы полицияға арыз жазған. Сондай-ақ, күзетші зергерлік бұйымдарды тапқан адамға сыйақы беріледі дейді.
09 сәуір 2018 ж. 874 0

PDF нұсқалар мұрағаты

21-350

28 мамыр 2020 ж.

19-348

14 мамыр 2020 ж.

18-347

07 мамыр 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930