» » Коммуналдық қызметтер үшін қай облыстардың берешегі көп

Коммуналдық қызметтер үшін қай облыстардың берешегі көп

Үкімет отырысында ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек коммуналдық қызметтер үшін берешегі көп облыстарды атады. Министрдің сөзіне қарағанда, жылыту маусымының басында тұтынушылардың коммуналдық қызметтер үшін дебиторлық берешегі 14,5 млрд теңгені құраған болатын. Осы уақытқа дейін аталған қарыз 11 пайызға төмендеді. «Бүгінгі таңда қарыз 12,9 млрд теңгені құрайды, яғни 1,6 млрд теңгеге азайды. Қарыздың ең көп мөлшері Оңстүстік Қазақстан облысында - 2,7 млрд, Астанада - 2,2 млрд, Алматыда - 1,8 млрд, Маңғыстау - 1,6 млрд, Ақтөбе облысында - 1,1 млрд, ал Қарағандыда коммуналдық қызметтер үшін қарыздың жалпы көлемі 800 млн теңгені құрады», - деп атап көрсетті Ж.Қасымбек. Айта кетейік, отырыс барысында ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев монополистердің қарызын жариялады. Бүгінде монополистердің қарызы 6 млрд. теңгеден асты. 
26 желтоқсан 2017 ж. 533 0

PDF нұсқалар мұрағаты

21-350

28 мамыр 2020 ж.

19-348

14 мамыр 2020 ж.

18-347

07 мамыр 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930