» » Аптаның бірінші күні сіз бен біз үшін қалай өтер екен? Жұлдыздар бүгін қандай кеңес береді?

Аптаның бірінші күні сіз бен біз үшін қалай өтер екен? Жұлдыздар бүгін қандай кеңес береді?

   Аптаның бірінші күні сіз бен біз үшін қалай өтер екен? Жұлдыздар бүгін қандай кеңес береді?

Тоқты
Тоқтылар ештеңе істегісі де келмейді, ештеңені қаламайды. Тек демалып жатқысы келеді. Балмұздақ, пирог, шоколад, мартини... біреуден тосын сый, конфет, сыйлық күтеді. Қыс мезгілін жылы жерден шықпай өтіп кеткенін қалайды. Ал, былай басқа ештеңені қаламайды.
Торпақ
Торпақтар басқа адамдарға бақыт сыйлап, көңіл күйлерін көтереді, бірақ өздерінің мұңын ешкіммен бөліспейді. Өйткені басқа жандарға айтып, олардың көңіл-күйін түсіргісі келмейді. Торпақтар осындай!
Егіздер
Егіздердің бүгінгі көңіл -күйі : өткенге ешқашан оралмайды. Әр минут бағалы екен түсінеді. Тарихтары ешқашан қайталанбайды. Басқа адамдар ешқашан өзгерте алмайды. Ешқашан ешкімді күтпейді. Бір орында көп тұрақтамайды. Тек қана алға, артқа қарайламайды. Керек адамдар жанында болса болды, қалған адамдарға «сау бол» дейді.
Шаян
Айтады ғой «Кездейсоқ кездесу болмайды» деп...бұл сынақ..әлде жаза...немесе тағдырдың сыйы...бірақ сіздер сынақтан өтіп қойғансыздар. Сол үшін бұл үлкен бақыт болуы мүмкін.
Арыстан
Өміріңізде орын алатын елеулі өзгерістер салдарынан өзіңіздің алған бағытыңыздан жаңылып қалу қаупі бар. Сол кезде болуы мүмкін хаостық жағдайларда эмоцияға ерік бермей, барынша сабырлы болуға және ақылмен ойлануға тырысыңыз. Жеке басыңызды әртүрлі оқиғалар мен өзгерістер күтіп тұр. Бірақ байбалам салмаңыз, сабыр сақтаңыз. Бұл сіздің алдағы жарқын өміріңізге септігін тигізетіні сөзсіз. Сіз түбегейлі өзгересіз.
Бикеш
Сіз сұлусыз.Сізге бәрі қызығады, ғашық болады. Барлық істі орнымен істеңіз... Алда бірнеше қиындық кездесуі мүмкін. Бірақ уайымдамаңыз, ақылмен, достарыңызбен ақылдасып шешуге болады. Қиын күндер де артта қалады.
Таразы
Күніңіз жақсы басталады. Бекерге өткізбеңіз. Ойын-сауық кештеріне баруыңыз мүмкін. Осы күніңізді сергек өткізуге тырысыңыз. Аздаған қиындық болады. Сізге кейбірі қиын тиюі мүмкін. Бірақ оларды кейін тез ұмытып кетесіз. Бақытты болатын күндер әлі алда. Еш мұңаймаңыз!
Сарышаян
Сарышаяндардың өмірі қызыққа толы. Иә, рас айтамыз, жүрген жерлерінде күлкі менен мейірімділік қатар жүреді. Айналасындағы адамдардың бәріне сондай сүйкімді болып көрінеді. Ұнамды қылықтары өте көп.Осы жолыңыздан таймаңыз.
Мерген
Ешкімге соқтықпай, тыныш қана өмір сүргендеріңіз абзал. Сыншы көз аз болған сайын, ісіңіз ілгері басады. Жұмыс орныңызды ешкім кедергі жасамайтындай етіп ұйымдастырыңыз. Бар күш-жігеріңізді жайлылық табуға бағыттаңыз. Бұл күні сізге сауда жасаудың кері әсері тиюі мүмкін.
Тауешкі
Тауешкі белгісіндегілердің сүйікті адамы аяқ астынан өзгеріп шыға келуі мүмкін, әрине, бұл жағдай сіздің ішкі дүниеңізді тас-талқан етері анық. Сүйікті адамыңызбен достарыңыздың бірі қақтығысып қалуы ықтимал. Отбасылы тауешкілер балалары үшін біраз шығындалады.
Суқұйғыш
Достың да досы бар екенін есте ұстаңыз. Амал дос пен адал досты ажырата біліңіз. Тек сонда ғана ісіңіздің оң боларына сенім де мол болмақ. Жаныңызда тіреу болар адамдардың жүргенін білу де бір ғанибет. Көп ешкімге сеніп, бүгін ішіңіздегіні ақтарып салудың қажеті жоқ. Жағдайға қарай көсілгеніңіз жөн.
Балықтар
Қаржылық жағдайыңыз біраз қыспаққа алуы мүмкін. Сондықтан да қалтадағыңызды қанағат тұтып, оңды-солды жұмсауға болмайтынын есте ұстаңыз. Кешті жанұяңызға арнап, жақындарыңыздың, сүйіктілеріңіздің жанында болыңыз.


16 сәуір 2018 ж. 487 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№ 27 (252)

05 шілде 2018 ж.

№ 20 (245)

17 мамыр 2018 ж.

№ 19 (244)

11 мамыр 2018 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031