» » Мемлекет ешкімге тегін үй беруге міндетті емес – Назарбаев

Мемлекет ешкімге тегін үй беруге міндетті емес – Назарбаев

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев отандық БАҚ өкілдерімен кездесуде Қазақстандықтарға пәтерге қол жеткізуге көмектесетін бағдарламалар туралы айтып берді. Мұнымен қатар, Елбасы мемлекеттің басты мақсаты – халықты үймен емес, жұмыспен қамтамасыз ету екендігін тілге тиек етті.
Нұрсұлтан Назарбаев тұрғын үй проблемасының барлық мемлекетте бар екенін айтып, елімізде бұл мәселенің туындауына не себеп болып отырғанын түсіндірді. Артынша елімізде пәтерге қол жеткізуге мүмкіндік беретін төрт бағдарламаның әрқайсысына тоқталып өтті.
«Тұрғын үй проблемасы барлық мемлекетте бар және әрдайым болатыны анық. Біздің мемлекетіміз урбанизацияландырылмаған. Халықтың 40%-ы ауылдық аймақта тұрса, ауыл үшін халықтың тек 20%-ы қызмет етіп жатыр. Оның үстіне ауыл тұрғындары біртіндеп қалаға көшіп келуде. Біріншіден, елімізде баспана алуға жағдай жасайтын Тұрғын Үй Құрылыс Жинақ банкі бар. Үй алғысы келген азамат қажетті соманың 50%-ын осы банкке жинайды. Ал қалған соманы аталған банк несиеге береді. Осылайша азамат пәтерге қол жеткізіп, қалған қарызды шетінен өтеп отырады. Екіншіден, біз жергілікті орындаушы әкімдіктерге ақша береміз. Олар өз кезектерінде бұл ақшаны пәтер алғысы келгендерге несие секілді үлестіреді. Ал пәтердің жаңа иелері оның ақшасын пәтерақы төлегендей өтейді. Мұнымен қатар, мүгедектер мен ардагерлерге арнайы жеңілдіктер қарастырылған.
26 желтоқсан 2017 ж. 621 0

PDF нұсқалар мұрағаты

19-348

14 мамыр 2020 ж.

18-347

07 мамыр 2020 ж.

17-346

01 мамыр 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031