» » Елбасы Алматыдағы Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойды

Елбасы Алматыдағы Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойды

   Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Алматыдағы 28-ші панфиловшылар саябағында Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Мемлекет басшысы өз сөзінде 500-ге жуық қазақстандықтың Кеңес Одағының Батыры атанғанын, майданға аттанған 1,8 млн адамның жартысының қайта оралмағанын еске салды. Жантүршігерлік соғыс әр отбасы, әр адамның жүрегін жаралады.  «Біздің ата-бабаларымыз кескілескен шайқаста от кешіп, окоптардан кеуделерін оққа төсегенін білеміз. Олар отанымызды, біздің тыныштығымызды, ашық аспанымызды қорғады. Олар қаһармандық танытты. Бұл мерекені тойлау өскелең ұрпаққа ата-бабамыздың батырлығы мен  жанкештілігін көрсету үшін керек. Біз - бейбіт елміз. Біз достық ортаны, елдегі тұрақтылықты, бауырмалдық пен өзара түсіністікті қалыптастыра отырып, өзіміздің тәуелсіз мемлекетімізді құрып келеміз. Біздің болашақтағы жетістіктеріміздің негізі осы деп білемін. Біз бейбіт ел болсақ та, сұрапыл соғысты ұмытқан жоқпыз», - деп мәлім етті Мемлекет басшысы.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ардагерлерге алғыс айтты. «Әрине, сіздер біраз жасқа келіп қалдыңыздар, көп нәрсені көрдіңіздер. Сіздердің араларыңыз жыл өткен сайын сиреп жатыр, бұл жүрегімізге қаяу түсіруде. Сіздер бар кезде біздер - сіздердің балаларыңыз, немерелеріңіз өзімізді баянды сезініп келеміз. Сіздердің ерліктеріңізден күш-қуат алып, отанымыздың патриоты болуды, өз жерімізді сүюді және отанымыз Қазақстан үшін қанымызды қиюды үйренудеміз! Қымбатты достар, сіздерді мерекелеріңізбен құттықтаймын!», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.
09 мамыр 2018 ж. 121 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№ 39 (264)

27 қыркүйек 2018 ж.

№ 38 (263)

20 қыркүйек 2018 ж.

№ 37 (262)

13 қыркүйек 2018 ж.

Хабарландыру

Экономика

Әлеуметтік шаштараз

Әлеуметтік шаштараз

18 қазан 2018 ж.
Ащы, ащы да болса тәтті

Ащы, ащы да болса тәтті

06 қыркүйек 2018 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031