» » Қазақстандық жас дзюдошылар Азия чемпионатында топ жарды

Қазақстандық жас дзюдошылар Азия чемпионатында топ жарды

Бейрутта (Ливан) кадеттер арасында өткен дзюдодан Азия чемпионатында отандастарымыз 6 алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ҚР Дзюдо федерациясының баспасөз қызметінің хабарлауынша, құрлықтық чемпионаттың соңғы күнінде қазақстандық жас татами шеберлері қоржынға 4 алтын, 3 күміс және 1 қола жүлде салып, медаль саны бойынша жалпыкомандалық есепте 1-орынға шықты.
Екі күннің қорытындысы бойынша Қазақстан жасөспірімдер құрама командасы 6 алтын, 5 күміс және 4 қола медальмен жарысты аяқтады.
Осыған дейін жарыстың бірінші күні 2 алтын, 2 күміс, 3 қола медаль жеңіп алғаны туралы жазған болатынбыз. 
Жарыстың соңғы күні жүлде алған отандастарымыз:
Алтын - Сәдуақас Бекарыс (90 кг)
Алтын - Мұхамбет Зұлхарнаев (+90 кг)
Алтын - Кристина Сотникова (63 кг)
Алтын - Маргарита Гриценко (70 кг)
Күміс - Ханифа Тугушева (57 кг)
Күміс - Мадина Парагульгова (+70 кг)
Күміс - Аян Байғазы (81 кг)
Қола - Шырын Қадірсіз (57 кг)
 
13 мамыр 2018 ж. 374 0

PDF нұсқалар мұрағаты

29-306

18 шілде 2019 ж.

28-305

11 шілде 2019 ж.

27-304

04 шілде 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031