» » Үкімет басшысы астықты диқандардан жоғары бағамен сатып алуды тапсырды

Үкімет басшысы астықты диқандардан жоғары бағамен сатып алуды тапсырды


Бүгінде астықтың бағасы күрт төмендеп кетті. Соның салдарынан шаруалар шығынға батып жатыр. Бүгін ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев астықты жоғары бағамен сатып алуға тапсырма берді, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Қайрат Айтуғановтың айтуынша, қыркүйек айынан бастап ішкі нарықта астықтың бағасы төмендеп кетті. Себебі сұраныс жоқ. Оған бірнеше фактор әсер етті. "Біріншіден, биыл Ресейде астықтың рекордтық көлемі жиналды. Содан Қазақстанмен шекаралас аймақтарда арзан астық көбейіп, заңсыз жолмен тасымалдана бастады. Екіншіден, вагондардың тапшылығы өзекті болып тұр. Вагон жетіспегеннен кейін xалықаралық трейдерлердің талаптары орындалмайды. Үшіншіден, Азық-түлік корпорациясы сылбыр қимылдап жатыр. Аталған компания басында бір тонна астықтың бағасын 42 мың деп қойса, артынан 39 мыңға түсірді. Осының барлығы сұраныстың төмендеп, астықтың күрт арзандауына әкеліп соқтырды", - деді Қ. Айтуғанов Үкіметтің бүгінгі отырысында. Оның айтуынша, қазіргі кезде диқандар астықты бұрынғы бағамен өткізе алмай отыр. Ал табыс болмағаннан кейін несиелерді жабу мүмкін емес. Осыған байланысты Азық-түлік корпорациясы арқылы 2 млн тонна көлеміндегі астықты сатып алу қажет. Бір тоннаның бағасы 42 мың теңге болуы шарт. Астықты сатып алу шараларын бақылауды арнайы комиссияларға жүктеу керек. Оның құрамында жергілікті билік қана емес, xалық пен бизнес өкілдері де болуы қажет. Бұдан бөлек, көрші Ресейден астықты заңсыз тасымалдауға тосқауыл қою қажет. Аталған ұсынысты Қазақстан фермерлер одағы да қолдап отыр. "Бізге Үкіметтің қолдауы ауадай қажет. Астықтың бағасы да (тоннасына - 42 мың теңге) жақсы қойылып отыр. Себебі диқаншылар жалақыны төлей алмай жатыр. Теxникаға қажетті құрал-жабдықтар сатып алынбады. Алдағы көктемгі егістік жұмыстарына дайындық жоқ деуге болады. Сондықтан бұл шешім жаңа жылға жақсы сыйлық болатын еді. Ақшаны тездетіп берсеңіздер, біз де осы жұмысқа белсене атсалысамыз. Өйткені астықты тең дәрежеде сатып алу сияқты мәселелер бар. Ресейден келетін астықты да сатып жіберуі мүмкін. Ондайға жол бермеу керек", - дейді ұйым басшысы Әуезxан Дарынов.

27 желтоқсан 2017 ж. 488 0

PDF нұсқалар мұрағаты

47-324

21 қараша 2019 ж.

46-323

14 қараша 2019 ж.

45-322

07 қараша 2019 ж.

Экономика

U-STUDY

U-STUDY

13 қазан 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930