» » ҰЛТТЫҚ АСПАПТЫ ҰЛЫҚТАУ КЕРЕК

ҰЛТТЫҚ АСПАПТЫ ҰЛЫҚТАУ КЕРЕК

   Парламент мәжілісінің төрағасы Марат Оспанов: «Домбыраны  тарта білмейтін қазақ, – қазақ емес. Бір көзім жеткен шындық осы. Мен трубаны да, гитараны да тартқан едім, ал домбыра тартқанда ерекше күйге түсемін. Домбыра тартсаң қазақша ойлайсың, қазақша сөйлейсің. Бір домбыраның өзі бір оркестрдің жүгін көтеріп кететін жағдайы бар. Бұл – ғажап аспап. Тілді үйренгеннен кейін осы бір аспапқа деген құштарлығым соншалықты биіктеп кетті. Нағыз қазақ домбыраны сүю керек екен...», – деді.
Домбыра – ертеден келе жатқан қазақ халқының музыкалық аспабы, қасиетті дүниесі. Өскелең ұрпақтың жан-жақты білімді, эстетикалық талғамының жоғары болуына, жалпы адамгершілік, имандылық қасиетінің дамуына бұл аспаптың тигізетін әсері зор. Оны тарта алмаса да, қадірлей білу керек. Себебі баланың санасына халықтың рухани байлығын, дүниетанымын сіңіру домбырадан басталады. Десек те бүгінгі күні домбыра тарта алмайтындар көбейді. Несін жасырамыз, көшеде жүрсеңіз ойын автоматынан көз алмайсыз. Есесіне бесіктегі балаға дейін олардың түр-түрін жатқа біледі. Бір кездері жастар арасында «домбыра party» деген болды. Естігенде қуаныпқалдық. Оның басты мақсаты – қазақтың ұлттық аспабын насихаттау болатын. Орталық алаңда бір топ жас қолына домбыра алып, күй тартып, ән шырқайтын еді. Міне, осындай шараны қолға алып, үздіксіз өткізсе, жастарда домбыра тартуға деген қызығушылық басым болар еді.
Халық хаһарманы Нұрғиса Тілендиев досы Ерсімбек Әлмешовтың ауылына қонаққа барады. Концерттік сапар болмағандықтан, домбырасын қалдырып кетеді. Композитор құрметіне дастарқан жайылып, ауылдың беделді азаматтары шақырылады. Әңгіме айтып, ойын ойнатылады. Жиналғандар Нұрғисаға ән салуды қолқалайды. Дегенмен үй иесінен домбыра табылмайды. Осылайша жүргізуші ауылды аралайды. Тіпті күйден сабақ беретін мұғалімнің үйінде де домбыра болмайды. Көрші совхоздағы сиыршы жігітте домбыра барын естіп, Нұрғиса арнайылап өзі барады. Қабырғада ілулі тұрған домбыраны көріп, жадырап сала береді. «Қарақтарым, мен Нұрғиса Тілендиев деген ағаларыңмын. Дүй ауылдан бір домбыра табылмай, өздеріңді іздеп келдім. Мен енді сендерге таң атқанша домбыра тартамын» дейді.      
Тұтас ауылдан домбыра таппау қазір де кездеседі. Ғаламтор заманында «Ұлттық аспаптың қадірі кетеді ме?» деген қорқыныш басым. Осындайда Бауыржан Момышұлының: «Домбыраны қастерлей білмеген қазақтың баласы туған халқының жанын білмейді. Ал халықтың жанын түсінбеген тамыры шабылған ағашпен тең. Ондай ағаш жапырақ жайып, сая да болмайды, жеміс те бермейді»  деген қанатты сөзі еске түседі.
Мөлдір КЕНЖЕҒҰЛОВА
14 мамыр 2018 ж. 472 0

PDF нұсқалар мұрағаты

42-319

17 қазан 2019 ж.

41-318

10 қазан 2019 ж.

40-317

03 қазан 2019 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

06 қазан 2019 ж.

Экономика

U-STUDY

U-STUDY

13 қазан 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031