» » Мұғалім болу – төзімділікті талап етеді

Мұғалім болу – төзімділікті талап етеді

  Жастар арасында кең тараған футбол, волейбол, баскетбол секілді спортпен ғана шектелетін дене шынықтыру пәні қазір белгілі бір әдістемеге сүйенеді. Кейде негізгі пәнге шорқақ оқушылар спортта алдына жан салмайтыны рас. Осы тұста оқушыларды спортқа баулып, саламатты өмір салтын насихаттап жүрген Жаңақорған ауданы №86 орта мектептің денешынықтыру пəнінің мұғалімі Еркебұлан Еркінұлы мамандығының қыр-сырымен бөліскен еді.  
   – Әр саланың өз қиындығы бар. Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі болу сіз үшін қиын ба?  Әлде...
     – Өмірде әр адам өз баласының дені сау болып өскенін қалайды.  Осы ретте дене тәрбиесінің, денсаулыққа немқұрайлы қарамаудың мәні зор. Бүгінгідей балалардың планшет пен смартфонға байланған заманында, олардың ойын сергіту мақсатында ынта-жігерімді салып дене шынықтыру сабағында түрлі ойындар ұйымдастырамын. Нәтижесінде оқушылар менің  сабағына асығатын болды. Егер оқушыларымыз осы салада жетістікке жетсе, мектеп мәртебесінің де асқақтағаны. Балалардың пәнге қызығушылығы болмаса, онда мамандық иесінің жауапкершілігі аз екенін білдіреді деп ойлаймын.
       –  №86 орта мектепте қай спорт түрі жақсы дамыған?
Жалпы, біздің мектепте барлық спорт түрі дамыған. Мәселен футбол, волейбол, баскетбол жəне жеңіл атлетика ойындарынан оқушыларымыз жүлделі оралып жүр.  
         – Мектептегі мұғалімдердің басым көпшілігі әйелдер. Ер мұғалімдердің азаюына не себеп деп ойлайсыз?
– Ия, дұрыс айтасыз. Бүгінде мектептерде ер мұғалімдер аз. Аз болудың себебі,  төленетін жалақының аздығынан деп ойлаймын. Одан қалды мұғалім болу – төзімділік пен шыдамдылықты талап етеді.  
         – Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі болу үшін қандай талап қойылады? Маман даярлауда қандай пәндерді өтесіздер?
– Бұл саланы таңдайтын мамандар ең алдымен спортқа біртабан жақын болуы шарт.  Ұстазым – Қайрат Оралбеков айтқандай, спортта төзімі мықты, жүрегінің түгі бар жігіт пен қыздар ғана, жетістікке қол жеткізед.  Мен де сол кісінің сөзін құптаймын.Мамандарды жоғары оқу орындарының ұстаздары дайындап оқытады. 1-2 курста жоғары оқу орнында бүкіл пәндерден сынақ тапсырамыз. Ал 3-4 курста спорттық ойындарға басымдық беріледі.
         – Білуімізше, сіз оқушыларға тек дене шынықтыру пәнінің сабақ беріп ғана қоймай, түрлі  бағыттағы байқауларға дайындайды екенсіз...
         – Мектепте қоғамдық жұмысқа белсене қатысамын. Содан болар, ұжымым  "Жастар кеңесінің төрағасы" етіп сайлады. Негізгі міндетім  оқушылар мен 14-35 жас аралығындағы мектептің жас мұғалімдері арасында көптеген іс-шаралар, спорттық сайыс өткізу. Мәселен, Ақтөбе қаласында өткен «Би шашу – 2018» байқауында оқушыларымыз үздік үштікті еншіледі. Облыстық «Жайдарман» сайысында да оқушылармыз топ жарып жүр.
– Әңгімеңізге рақмет.
Сұқбаттасқан: А.Қаржаубайқызы  
16 мамыр 2018 ж. 168 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№ 39 (264)

27 қыркүйек 2018 ж.

№ 38 (263)

20 қыркүйек 2018 ж.

№ 37 (262)

13 қыркүйек 2018 ж.

Хабарландыру

Экономика

Әлеуметтік шаштараз

Әлеуметтік шаштараз

18 қазан 2018 ж.
Ащы, ащы да болса тәтті

Ащы, ащы да болса тәтті

06 қыркүйек 2018 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031