» » Баламасы жоқ «Болашақ»

Баламасы жоқ «Болашақ»

   Биыл халықаралық «Болашақ» бағдарламасына – аттай 25 жыл. Осы уақыт аралығында талай жасты қанаттандырып, асу бермес армандарға жеткізген «Болашақтың» болашағы зор болды. Сонау азаттық алған алғашқы жылдары тұралаған тіршілікті оңалта алмай, тоқтап қалған өндірістер мен сусыз, жарықсыз қалған ауылдар көбейіп, тіпті шекарамызды шегендей алмай жатқан тұста ел келешегіне үміт артып «Болашақ» деп  атап,  Президенттің қаулысымен 1993 жылы 5 қарашада  құрылған  бағдарлама еді.  Мұхит асып «өнер-білім бар жұрттан» білім жиюға үгіттеген біздің бабаларымыз үшін мұндай  бақыт тәуелсіз елдің ұландарына бұйырған-ды.  

Осы уақытқа дейін «Болашақпен» әлемнің 35-ке жуық мемлекетінен 12 831 жас білім жиған екен. Елге оралған степендиаттардың 800-ден астамы мемлекеттік қызметті құп көрген. Яғни 57,7 %. Жеке секторда  – 30,7 %, халықаралық  ұйымдарда – 8,7 %, ұлттық компанияларда – 1,6 % білек сыбана еңбек етіп жатыр.

Жат жұртта білім жиғандардың 2857-сі бакалавриатты, 5055-сі магистратураны,  127 адам доктарантураны, 136-сы аспирантура мен интернатура, клиникалық ординатураны тәмамдаса, ал 1865 степендиат тағылымдамадан өткен.  «Болашақтықтардың» басым көпшілігі гуманитарлық саланы (52,6 %), техникалық саланы (38,2 %) денсаулық саласын (7,4 %) және шығармашылық саланы (1,8 %) таңдаған. Дәл қазіргі уақытта келешегін «Болашақпен» байланыстырып, шетелде білім алып жатқан 1298  степендиат бар. Әрине, тағайындалған степендиядан айырылып қалғандар да, өз еркімен бас тартқандар да жоқ емес. Шетелде оқыған кейбір жастың елге қайтар тұста «жиған білім мен тәжірибеміз Қазақстанның жүйесіне сәйкес келмейді, тиісті бағаланбайды» деген сылтауға көшеді. Ал ұлт мүддесін жеке басының мүддесінен жоғары қойған жан болса, ата-бабасы аманат еткен жер мен тілдің, дін мен ділдің мерейі үстем болуы үшін қызмет етуі тиіс-ті. Мұндайда қазақ «ер туған жеріне, ит тойған жеріне» дейді. Яғни жат жұртта білім жиған жастардың негізгі міндеті – ел мұраты, ұлт мақсатына жұмыла жұмыс жасау. «Тірі болсам, қазаққа қызмет қылмай қоймаймын» дейтін Әлихан Бөкейханұлы бірде Ресейден оқудан елге оралғанда орыстың аяқ киімін қазақтың жігіті сүртіп жатқанын көріп: «Мен бұлай ақ жағалы киім кигенмен, елімнің жігіттері қараңғылықтан өлместің күнін кешіп жүргені – елін сүйген азамат үшін жарамас» деп жүрегі қан жылап, елге қызмет ету үшін малын да, жанын да сарп еткен жоқ па?! Жат елде жүрген жастардың бойынша осындай отаншыл рух болуы керек. «Мәңгілік ел» болуға бағыт алған Қазақстанның әлемнің 30 елінің қатарынан табылуына еңбек етуі тиіс. Өйткені «асыл тастан болғанмен, ақыл – жастан» қашанда.
«Болашақта ұлттың табысты болуы оның табиғи байлығымен емес, адамдардың бәсекеге қабілетімен айқындалады» деп еді бір сөзінде Елбасы.  Бүгінде ең тиімді стратегия – жастардың білімін алуына бағытталған  инвестиция.  Себебі жақсы білім шексіз мүмкіндіктер мен тың идеяларға  жол ашады. Осы ретте «Болашақ» өз-өзін ақтаған бағдарлама. Әзірге әлемнің ешбір елінде «Болашақтың»  баламасы жоқ. Ресейде осыған ұқсас «Оралу үшін аттану» бағдарламасы әзірленген. Қытайда «Болашақ» тәрізді стипендиаттарды оқу бітірген соң, елге қайтауын қарастыратын бағдарламаларды ұсынып көруде. Алайда білім ақысы толығымен мемлекет есебінен өтелетін бағдардама әзірге еш елде жоқ.
Арай РАХЫМ



16 мамыр 2018 ж. 161 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№ 39 (264)

27 қыркүйек 2018 ж.

№ 38 (263)

20 қыркүйек 2018 ж.

№ 37 (262)

13 қыркүйек 2018 ж.

Хабарландыру

Экономика

Әлеуметтік шаштараз

Әлеуметтік шаштараз

18 қазан 2018 ж.
Ащы, ащы да болса тәтті

Ащы, ащы да болса тәтті

06 қыркүйек 2018 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031