» » Оқу ақысы қымбаттауы мүмкін

Оқу ақысы қымбаттауы мүмкін

Министр Ерлан Сағадиев ЖОО-ның ақылы бөлімдеріне білім беру құнының қанша болатынын өздері шешуге мүмкіндік беру керек, - деп мәлімдеді Парламенті Мәжілісінің пленарлық отырысында.
 Біз ақылы түрде берілетін білім гранттан қымбат немесе  арзан
болмау керек деген норманы алып тастауды жоспарлап отырмыз. Соған сәйкес ЖОО-лар өздері қажет деп тапқан соманы көрсетіп, білім беру құнының нормасын белгілейді, сәйкесінше, қандай да бір есептерді қоса тіркейтін болады. Біз гранттарды беріп жатырмыз ғой, ал оның бағасы өзгеріп жатқан жоқ. Түсінесіздер ме, халықтың белгілі бір бөлігі біздің еліміздегі білім беру құны өте арзан десе, ал келесі бір тобы оны өте қымбат деп есептейді. Біз жоғары оқу орындарына, оның ішінде әсіресе, ақылы түрде оқытатын білім ордаларына оқыту құны қанша болатынын өздері шешу керек дегенді дұрыс деп санаймыз. Алайда білім алушылардың көбі бәрібір грант негізінде және  ұлттық жоғары оқу орындарына оқуға түседі, – дейді министр.
16 мамыр 2018 ж. 108 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№ 20 (245)

17 мамыр 2018 ж.

№ 19 (244)

11 мамыр 2018 ж.

№ 48 (222)

07 желтоқсан 2017 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031