» » Месси бесінші рет «алтын бутсы» иегері атанды

Месси бесінші рет «алтын бутсы» иегері атанды

  «Барселона» шабуылшысы Лионель Месси Испания чемпионатында маусым аяқталғаннан кейін «Алтын бутсы-2018» иегері атанды. Футболшы бұл маусымда лиганың 36 ойынында 34 рет гол салып, 68 ұпайға ие болды, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА. Оның басты қарсыласы, «Ливерпуль» ойыншысы Мұхамед Салах Англия чемпионатын 32 голмен аяқтады (62 ұпай). Еске салайық, бұл Мессидің мансабындағы бесінші «Алтын бутсы». Ол бұл марапаттты екі рет қатарынан жеңіп алды. Бұдан бұрын ол аталмыш наградаға 2010, 2012, 2013 және 2017 жылдары ие болған еді. Осылайша, 30 жастағы аргентиналық «Алтын бутсыды» бес рет жеңіп алған алғашқы футболшы атанды.    2017/18 маусымындағы «Алтын бутсы» рейтингінің үздік ондығы мынадай: 1. Лионель Месси («Барселона») - 34 гол (68 ұпай); 2. Мохамед Салах («Ливерпуль») - 32 (64); 3. Гарри Кейн («Тоттенхэм Хотспур») - 30 (60); 4. Роберт Левандовски («Бавария») - 29 (58); 5. Чиро Иммобиле («Лацио») - 29 (58); 6. Мауро Икарди («Интер») - 29 (58); 7. Эдинсон Кавани («ПСЖ») - 28 (56); 8. Криштиану Роналду («Реал») - 26 (52); 9. Жонас («Бенфика») - 34 (51); 10. Луис Суарес («Барселона») - 25 (50).  

21 мамыр 2018 ж. 607 0

PDF нұсқалар мұрағаты

42-319

17 қазан 2019 ж.

41-318

10 қазан 2019 ж.

40-317

03 қазан 2019 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

06 қазан 2019 ж.

Экономика

U-STUDY

U-STUDY

13 қазан 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031