» » ҰБТ: Әкім, директор, мұғалім және оқушылар

ҰБТ: Әкім, директор, мұғалім және оқушылар

   Мектеп бітіріп, әртүрлі мамандықтың тізгінін ұстайтын, кәсіп иесі атануға асығатын жастардың 11 жылдық білімін сарапқа салып, үлкен өмірге жасалатын қадамның алдында көңілге тоқығанын бір пысықтайтын Ұлттық бірыңғай тестілеу туралы аз айтылып, кем жазылған жоқ. Біріміз ауыз толтырып, артықшылығын айттық, біріміз өткенмен салыстырып, кемшілігін жіпке тізді. Пікірлер әр алуан болғанмен, демократиялық қоғамда олардың әрқайсысына да орын бар. Білім саласындағы көпті толғандыратын маңызды сынақ туралы ел айтатындай да, уайымдайтын да мәселе көп. Алдымен өз облысымыздағы ҰБТ-ның ахуалына үңілсек.
15 маусымға дейін бітірушілерге орта білім туралы аттестат беріліп, ЖОО-ға түсуге талапкерлер 20 маусым мен 1 шілде аралығында қала және аудан орталықтарындағы тестілеу пункттерінде өтетін ҰБТ сынағына қатысады. Облыс бойынша мектеп бітірушілер саны – 7113. Бүгінгі күнге 4821 оқушы (68 пайыз) ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысады деп күтілуде. Оның ішінде (Арал – 55, Қазалы – 69, Қармақшы – 70,5, Жалағаш – 71,3, Сырдария – 64,2, Шиелі – 58,5, Жаңақорған – 53,0, Қызылорда – 80,6 пайыздарды құраған) аудандар арасында қатысу көрсеткіші жөнінен Арал, Шиелі, Жаңақорған аудандары тым төмен. Бітіруші түлектерінің жартысынан астамы ғана қатысатын бұл аудандардағы білім сапасы төмен бе, әлде аудандар бәсекелестігінде тек озат оқушыларын ғана дайындап, мақсат – үздік көрсеткішке ие болу ма деген күдік те жоқ емес.
         Облыстық білім басқармасының мәліметінше, мамыр айындағы сынама тестілеу қорытындысы бойынша орташа балл 99,1 деңгейді көрсеткен. Жақсы нәтиже. Сонымен бірге басқарманың бастамасымен облыс бойынша «Алтын белгі» мен «Үздік аттестат» үміткерлеріне білім бөлімдері тарапынан «Ustudy» оқу орталығы дайындаған тестілеу кітапшаларымен сынама жүргізіліп, сарапталған. Айта кету керек, биыл «Алтын белгіге» үміткер саны – 338, «Үздік аттестат» алам деуші түлектер – 219. Облыс бойынша 130 «Алтын белгіге» үміткер «Қамбаш» балаларды сауықтыру және қосымша білім беру орталығында арнайы дайындықтан өткізілген. Оған Қызылорда мемлекеттік университетінің профессор ғалымдарымен қатар тестілеу сұрақтарын құрастырушы арнайы математика пәнінің мұғалімі шақырылып, дайындық  жасалған. Арнайы бақылау мен қадағалау, білім сапасын арттыру күшейтілген, ендігі нәтиже сынақта белгілі болады. Облыстық білім басқармасындағы мектепке дейінгі және орта білім бөлімінің басшысы Динара Баймурзаевамен әңгімелескенімізде, биыл облыс бойынша әлеуметтік аз қамтылған отбасының балалары үшін тегін сынама тестілеуден өтуге қажетті қаржы жергілікті бюджеттен қаралған. ҰБТ ұйымдастыруға облыс бойынша (тасымалдау, тамақтану, жатын орын, сумен қамту) 17,2 млн теңге бөлінген. Сонымен бірге тоғыз тестілеу пунктінде (Қызылорда қаласында – 2, аудан орталықтарында – 7) ҰБТ нәтижелерінің ашықтығы мен обьективтілігін қамтамасыз ету  мақсатында талапқа сай қажетті тұншықтырғыш, қолға ұсталатын металл іздегіш, бейнебақылау құралдарымен толық жабдықталған. Тестілеу пункттерін онлайн трансляциямен қамтамасыз ету үшін жабдықтау жүргізілуде.
– Бүгінде әрбір бітірушіге  оның білім деңгейі мен қабілетіне қарай кәсіби бағдар беріліп, қандай оқу орнында кәсіби білім  алуға мүмкіндігі бар екені жөнінде түсіндіру, талдау жұмыстары ұйымдастырылуда, – дейді Динара Қонақбайқызы. Сонымен қатар, қатыспайтын оқушылар жайлы (олар не себепті қатыспайды, әлдебір қысым жоқ па – автор) ҰБТ-дан бас тартқан 2292 оқушы өз еркімен бас тартартқан немесе арнайы кәсіптік-техникалық колледжге тапсыруға ынталы оқушылар дегенді алға тартты. Арнайы қысыммен, еріксіз тестен қалдырылған бала жоқ, ата-аналар тарапынан да ондай арыз-шағымдар түспеді деп, – сендірді бізді облыстық білім басқармасындағылар.
Шынымен, еріксіз қалдыру дегеннен шығады, алдағы өмірге жолдама берер сынаққа қатысу-қатыспауы өз еркінде екендігін ескерсек, кей басшылық мұны ескермейтін сияқты. Жергілікті биліктен төмен нәтиже көрсетіп, айқай естиміз деп сескенетіндер де жоқ емес. Дәлелдерге сенсек, директор не оның орынбасары да, пән мұғалімдері де баланы тестен бас тартқызу үшін үрейлі сөзбен үркітіп тұр. Төмендегі пікірлерге ойыссақ. Кейбір кейіпкерлердің аты-жөнін өз өтініштері бойынша әрі журналистік құқымызды пайдаланып, өзгертіп алдық.
Айғаным Кәмілжан, ата-ана (аты-жөні өзгертілді):
Биыл ұлым 11сыныпты бітіреді. Мектеп бітіру кешіне дайындығымыз жақсы. Дегенмен, мені алаңдатқаны, осы оқу жылы басталған сәттен-ақ ұлымның ұстаздары «Балаңыз ұлттық бірыңғай тестілеу сынағына қатыспай, келер жылы оқу орнының өзіне барып емтихан тапсырса, оқуға түсу әлдеқайда жеңіл болады» деп жиі айта бастады. Бұнымен мұғалімдер менің баламның болашағын ойлап отыр ма, әлде өздерінің абыройын түсіріп алмауды көздеп отыр ма білмедім. Ұлым ең алғаш сынама тест тапсыру кезінде төмен балл жинағаны рас. Осыған қарап-ақ баланың бетін қайтаруы дұрыс емес деп ойлаймын.
         Дәл осы айтып отырған ата-ана сөзін бала да айта алады. Өйткені, қорқыныш сезімін оятуға келгенде біздің мұғалімдер тым шебер болып алған.
Өркен Исаев, мектеп бітіруші түлек (аты-жөні өзгертілді):
Мен 9 сыныпты аяқтаған жылы ұстаздарым колледжге құжат тапсыруды ұсынды. Бірақ жоғары оқу орнында білім алғым келіп, 11 сыныпты бітіріп шығамын деген шешімге келдім. Оқу үлгерімім жақсы емес. Орташа. Тестілеу сынағына дайындықсыз емеспін. Өз әлімше оқып, білудемін. «Бап шаба ма, бақ шаба ма?» деген, бәлкім ұлттық бірыңғай тестілеу кезінде өз ойымдағыдай балл жинайтын шығармын деп ойлайтынмын. Бірақ мұғалімдердің «ҰБТ-дан төмен балл жинап, өзіңе де, бізге де ұят келтіресің» деген сөзінен кейін тестке қатыспаймын деп шештім.
Ал, Арал ауданы Қосжар ауылының тұрғыны, көп балалы ана Қарлығаш Сүлейменованың мектеп әкімшілігіне өкпесі қара қазандай.
Қарлығаш Сүлейменова, көп балалы ана:
Қызым, Сезім Жеткерген әр сынақ бойынша жақсы тапсырып отырған. Тіпті әр жекелеген пән бойынша да екі алмаған. Баламның бар кінәсі жиі ауырып қала беретіндігінде.  Әр сынақ немесе дайындық кезінде осыны мектептегілер жиі ескертіп, тестен бас тартуын қайта-қайта сұрапты. Жыл бойы дайындалып,  кешегі  наурыз айында бас тартып, арыз жазып берген. Менің түсінбейтінім, баламен жұмыс жасаудың орнына оны қорқытып, тестен өте алмайсың деу қаншалықты ақылға сияды?!  Қайта-қайта мектепке шақыртып, мазамыз кетті ең аяғында. «Қызыңа ауыр бұл тест, бас тартқаны жөн, екі алып қалады, денсаулығы сәйкес емес» деп  әр нәрсені айтады. Дәрігермен сөйлессем, бұл баланың еш шағымы жоқ дейді. Бас тартқан күні ебіл-дебілі шығып жылап, «мұғалімдер миымды ашытты, арызымды жазып бердім»  деп келіп тұр. Шынымды айтсам, мен бұл мектепті түсіне алмадым...
Иә ата-ана мен оқушының айтар мектепке айтар арызы көп. Барлық кінәні  ұстаздар қауымынан іздеуден аулақпыз. Дегенмен де...
(Ж.Н), аты-жөнін құпия ұстауды жөн көрген ұстаз:
Ұстаздың атқарған жұмысының нәтижесі шәкіртінің  жетістігінен көрінеді. Бірақ оқушының барлығының қабілеті бірдей емес. Яғни, бәрі бірдей алғыр, оқу үлгерімі өте жақсы болмайды. Балаға білім беру, үйрету – мұғалімнің міндеті. Дегенмен, сана-сезім, ойлау қабілеті, қабылдау түйсігі әр балда әртүрлі. Бәрінің де ҰБТ-ға қатысып, қалаған жоғары оқу орнына түссем деген арманы бар.
Оқушы ұлттық бірыңғай тестілеуден төмен балл алып қалса, мұғалімді сөгіп жатады. Мен ұстаз ретінде айтайын, мұғалім алдында отырған отыз балаға бірдей сабақ түсіндіріп, бірдей үйретеді. Бір-бірінен бөле-жара қарамайды. Сабақты қабылдау баланың санасына байланысты. Жасырып қайтеміз, осы тұста жергілікті билік әр ұстаз, әр мектеп басшылығынан оқушыларының ҰБТ сынағында төмен көрсеткіш көрсетпеуін талап етеді. Амалсыздан оқушыға тестілеу сынағына қатыспауын өтінген сәттер болады. «Былай тартсақ арба сынады, былай тартсақ өгіз өледінің» кері біздікі. Оқушының да көңілін қимаймыз, басшылықтың да талабына атүсті қарай алмаймыз.
            Расымен, кей мектептер баланы үгіттеп. еріксіз қатыстырмау жағын жасырып келсе де, көрініп қалып жатады. Мектеп абыройын сақтап қалады-ау деген оқушымен жұмыс жасау қаншалықты тиімді, басқа балалардың болашағын қайтеміз деген  ашық ойымызды мектеп басшысына да білдіріп көрген едік.
 Жасұлан Маханбетұлы, Арал қаласындағы Ж.Әбдірашов атындағы мектеп-лицей директоры:
Әр мектеп өз абыройы үшін жұмыс жасайтыны мынау бәсекелестік дамыған заманда бесенеден белгілі. Бірақ білімдісімен қатар, ынтасы бар, жігерлі оқушыны ҰБТ-ға қатыстырмай алып қалам деу қателік. Бізде он бір жыл оқымай келіп, беделді мамандық иесі болу үшін ҰБТ-ға қатысуға тырысатын оқушылар да бар екендігі жасырын емес. Бар қателік осында. Бұл енді кейбір ата- аналардың «балам пәленшенің баласынан кем бе» деген ой жетегінен шығатыны белгілі. Ол оқуды бітірген соң жұмыс таба алмай ата-ананың балаларын тағы сүйреп жүргенін көреміз. Сондықтан да жастарымыз келешегі бар, жұмыс орны табылатын мамандықтарды таңдаса деген оймен  бағыт береміз. Бұны кейбіреуі дұрыс түсінбей, баланы еріксіз қатыстырмайды деп аттандап кетеді.
         Білікті басшының ойы дұрыс. Бәсеке болмай, нәтиже жоқ. Ел өз баласының жайлы жерде жұмыс жасап, кіршіксіз ақ жағамен жүргенін қалайды. Бірақ ондай мамандық бәріне бірдей жете ме?
         Екінші мәселе, өмір ҰБТ-мен шектелмейтінін түсінбейміз. Бұл – белгілі бір мақсатқа жетер жолдағы сынақ. Алдағы өмірде бұдан да қиын сынақтардан өтуге тура келетінін ата-ана да, ұстаз да бала бойына құю керек. ҰБТ алдағы өмірге әсер етеді, алайда оны тоқтатпайтынын түсінбейтін кей оқушылар өз-өзіне қол жұмсау әрекетіне жиі барып жүр. Мұндайда психологтар да шарасыз. Бойына әбден қорқыныш сіңген біздің балалар сасқанынан «тисе терекке, тимесе бұтаққа» деген нұсқаға көбірек жүгінеді.
         Түйін: Ағымдағы жылы Ұлттық бірыңғай тест тапсыру ережесі өзгерген жоқ. Дегенмен, тест тапсырушыларға ыңғайлы болу үшін аздаған түзетулер енгізілді. ҰБТ бес пәннен тұрады: үшеуі міндетті, екеуі таңдауы бойынша. Бүгінгі күні тест тапсырмалары базасының 50 пайызы жаңартылған. Тіпті, ҰБТ-ны ағылшын тілінде де тапсыруға мүмкіндік берілген.
Алда – ҰБТ! Қабатовша айтсақ, ұлттық біркүндік төңкерісте асығың алшысынан түссін, жас дос!!!
Ержан ҚОЖАС
24 мамыр 2018 ж. 1 058 2

Гость JeaKeenny от 17 ақпан 2019 15:47
Eli Lilly Cialis 20mg Viagra Kosten Mit Rezept buy propecia in uk Elocon Buy Now Cod Accepted With Overnight Delivery Propecia Online Australia

Гость JeaKeenny от 8 наурыз 2019 06:31
Will Keflex Treat Gonorreah cialis 20 Mg Cialis Price Buying Free Shipping Isotretinoin Isotrex Best Website

PDF нұсқалар мұрағаты

42-319

17 қазан 2019 ж.

41-318

10 қазан 2019 ж.

40-317

03 қазан 2019 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

06 қазан 2019 ж.

Экономика

U-STUDY

U-STUDY

13 қазан 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031