» » «Үркер» ұлттық сыйлығының 13 номинациясы анықталды

«Үркер» ұлттық сыйлығының 13 номинациясы анықталды

   Баспасөз, радио және интернет-журналистика саласындағы  «Үркер» ұлттық сыйлығына биыл өзеріс енгізілді. Дәстүрлі 12 номинацияға тағы бір эксперименталды номинация енгізілді, - деп хабарлайды ҚазАқпарат.
10 мамырдан бастап барлық адамдар «Үркер» ұлттық сыйлығы байқауының сайтында қосымша номинацияға дауыс берді. Оқырман таңдауына 4 бағыт ұсынылды: 1) үздік блогер; 2) үздік вайн; 3) үздік паблик; 4) жыл хайпы. Дауыс беру нәтижесі бойынша 574 дауыс жинаған «Үздік вайн» эксперименталды номинация атанды. «Үздік блогер» (347 дауыс) «Үздік паблик» (201 дауыс) «Үздік вайн» (574 дауыс) «Жыл хайпы» (541 дауыс)    Сондай-ақ елордамыздың мерейтойына орай Астананың 20 жылдығына арналған үздік материал арнайы номинациясы қосылды. Бұл номинацияның өзгелерден ерекшелігі, мұнда 2008 жылы жарық көрген таңдаулы материалдар іріктеледі. «Үркер» ұлттық сыйлығына el.kz сайтында төмендегі номинациялар бойынша қатысуға өтінім бере алатыныңызды еске саламыз:  Үздік фотосурет; Үздік репортаж; Үздік сараптамалық материал; Үздік журналистік зерттеу; Үздік сұхбат; Қазақстан туралы үздік танымдық материал; Үздік халықаралық талдамалы материал; Өңірлік үздік радиостанция; Үздік өңірлік мерзімді басылым; Қазақстанның үздік радиостанциясы; Үздік интернет-БАҚ; Үздік республикалық мерзімді басылым. Үздік вайн (эксперименталды номинация) Байқаудың лауреаты атанған журналистерге естелік мүсін мен қаржылай жүлделер табысталады. Әрбір жеңімпаз 1 000 000 теңге көлемінде ақшалай сыйлық пен дәстүрлі естелік мүсінге ие болады.  Баспасөз, радио және интернет-журналистика саласындағы «Үркер» ұлттық сыйлығы былтыр алғаш рет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің бастамасымен өткен болатын. Ұлттық сыйлықты ұйымдастырушы «Qazcontent» АҚ. Байқауға шығармашылық жұмыстары 2017 жылы жарияланған баспасөз,  интернет-БАҚ және радиостанциялар редакциялары мен журналистері қатыса алады.
28 мамыр 2018 ж. 388 1

Гость JeaKeenny от 23 ақпан 2019 07:26
Macrobid 100mg On Sale Levitra Para Mujeres You Can Last Longer viagra Levitra 10 Mg Costo Sildenafil En Ligne 25 Mg Cytotec Pregnancy

PDF нұсқалар мұрағаты

46-323

14 қараша 2019 ж.

45-322

07 қараша 2019 ж.

44-321

31 қазан 2019 ж.

Хабарландыру

Экономика

U-STUDY

U-STUDY

13 қазан 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930