» » Головкин ақиқатты қалайды

Головкин ақиқатты қалайды


ҚазАқпарат - Екінші жекпе-жекте мексикалық Сауль «Канело» Альварес тарапынан орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкинге қойылған шарттар белгілі болды, деп хабарлайды Sports.kz.
Леффлердің сөзіне қарағанда, бірінші айқаста Альварестің табысы $50 миллионнан асқан. Ал, Головкин өзінің чемпиондық атақтарына қарамастан, $20 миллион алған. Бұл сандар гонорарды 70-те 30-ға бөлгенге негізделген. Рематчта гонорар тағы да «Канелоның» пайдасына 65-те 35 процент көлемінде бөлінген. IBF GGG-ге титулдан айыру туралы хабар бергеннен кейін, боксшы промоутерге келісім шарттарын жақсарту туралы өтініш білдірген. «Геннадий мынаны айтты: «Мен табысты әділ түрде тең бөліскім келеді. Мен чемпионмын және 50-де 50 шартымен бөліскім келеді». Біз бірінші жекпе-жекте көп нәрсеге көндік. Онда Геннадийдің проценті тым аз болды. Головкин өзінің бағалылығын дәлелдегеннен кейін рематчта да көп шартқа көндік. Бірақ «Канело» қандай да бір себептермен дегеніне көндірді. Екінші жекпе-жекте 65-те 35 болды, енді Геннадий чемпион үшін 35% әділетсіздік деп есептейді», - деп түсіндірді PE.com-ға Леффлер.
28 мамыр 2018 ж. 688 0

PDF нұсқалар мұрағаты

25-302

20 маусым 2019 ж.

24-301

13 маусым 2019 ж.

23-300

06 маусым 2019 ж.

Хабарландыру

Құрметті жас дос!

Құрметті жас дос!

01 мамыр 2019 ж.
Құрметті жас дос!

Құрметті жас дос!

03 сәуір 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930