» » Қазақ боксшыларының әлемдік рейтингтегі орны қандай?

Қазақ боксшыларының әлемдік рейтингтегі орны қандай?

   Қазақстандық боксшы Садриддин Ахмедов (2-0, 2 КО) беделді BoxRec.com сайтындағы орнын айтарлықтай ілгері жылжытты, деп хабарлайды Sports.kz.
Ол бірінші раундта-ақ аргентиналық Ариэль Алехандро Сампедриді (9-4, 7 КО) нокаутқа жіберіп, BoxRec рейтингінде бірінші орта салмақ бойынша бірден 434 сатыға жоғарылады. Соңғы кездесуінің алдында қазақстандық 929-шы орында тұрған болатын. Қазір ол 495-ші орында. Сонымен қатар бокстағы рейтингін қазақстандық жартылай ауыр салмақтағы Нұрзат Сабыров (5-0, 5 КО) та көтерді. Ол мексикалық Роландо Паредесті жеңіп (13-7-2, 10 КО), төрешілердің бірауыздан дауыс беруімен 194-ші орыннан, 143-ші орынға көтерілді. Сондай-ақ тағы бір қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаев (13-0, 11 КО) 7-ші раундта аргентиналық Хонатан Хосе Энисті (20-10-1, 7 КО) техникалық нокаутпен жеңіп, BoxRec рейтингінде жартылай орта салмақта 48-ші орыннан 33-ші орынға жоғарылады.  

28 мамыр 2018 ж. 679 0

PDF нұсқалар мұрағаты

26-355

02 шілде 2020 ж.

25-354

25 маусым 2020 ж.

24-353

18 маусым 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031