» » «РЕАЛДЫҢ» ОЙЫНШЫСЫ "ЛИВЕРПУЛЬГЕ" АУЫСТЫ

«РЕАЛДЫҢ» ОЙЫНШЫСЫ "ЛИВЕРПУЛЬГЕ" АУЫСТЫ

   Бразилиялық жартылай қорғаушы Фабиньо ендігі мансабын «Ливерпульде» жалғастыратын болды. «Монако» футбол клубының жартылай қорғаушысын сатып алғаны туралы ағылшындық клуб ресми түрде жария етті.
Sky Sports ақпаратынша, 24 жастағы футболшы үшін ағылшындық клуб 50 миллион евро төлеген. Бразилиялық аяқдопшы жаңа клубының қатарына 1 шілдеден бастап ресми түрде қосылады. Фабиньо қазірдің өзінде жаңа командасының формасымен суретке түсіп үлгерген.
«Осындай керемет клубтың ойыншысы болуды үнемі армандадым. Клубтың инфрақұрылымы өте ғажап. Мұндай деңгейдегі клубтың маған қызығушылық танытуы – мені толқытып жіберді. Ұзақ ойланбастан, келісім бердім. Енді бұл командадағы өзімнің ғажайып тарихымды қалыптастыруға тырысамын. Жаңа ұжыммен бірге титулдар жеңіп алатыныма сенемін» дейді ол.
Фабиньо «Монако» сапында 2013 жылдан бері ойнаған. 2017/18 футбол маусымында ол Франция чемпионатындағы 45 матчқа қатысып, 8 гол соқты. Франциялық клубқа ауысамын дегенше, ол 2012-2013 жылдары мадридтік «Реал» қатарында болған еді. Фабиньо – «Ливерпульдің» «Реалдан» жеңілгеннен кейінгі жасаған алғашқы трансфері.
30 мамыр 2018 ж. 1 161 0

PDF нұсқалар мұрағаты

26-355

02 шілде 2020 ж.

25-354

25 маусым 2020 ж.

24-353

18 маусым 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031