» » Жеті тілді меңгерген Жеткерген

Жеті тілді меңгерген Жеткерген

   Қызылорда облысындағы Қазалы ауданының тұрғыны Жеткерген Жаншораев жеті тіл біледі. Ол студент кезінен білім додасына қатысып, жүлделі орынды еншілеп жүр. Мәселен, облыстық «Тіл дарыны» олипиадасында екінші орын алса, Ақтөбе қаласында өткен «Тіл шебері-2014» республикалық байқауда бас жүлдені иеленген. Бүгінде Жеткерген Қызылорда қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінде қызмет атқарады.
– Ана тілімнен бөлек ағылшын, орыс, түрік, неміс тілдерін жетік білемін. Қазір испан жəне италиян тілін үйреніп жүрмін. Бірнеше тілді меңгергенімнің арқасында жетістікке жетіп келемін. Тіл білгеннен қазақ жастары ұтылмайды. Мәселен, ағылшын тілі – ғылым мен техниканың тілі. Оны үйренбей, заманауи білімді бола алмайсыз. Әр адам бос уақытты тиімді пайдаланып, сөздік жаттап, ережесіне зер салып отырса, күн сайын бір белесті бағындыруға болады, – деді Жеткерген Махмудұлы.
Полиглот жігіттің алда жоспары көп. Шетел аралап, білімі мен тəжірибесін арттырып, білгенін ынтасы барға үйреткісі  келеді.
15 шілде 2018 ж. 511 0

PDF нұсқалар мұрағаты

13-342

02 сәуір 2020 ж.

12-341

27 наурыз 2020 ж.

11-340

19 наурыз 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930