» » Мемлекеттік қызметші отбасымен сайысты

Мемлекеттік қызметші отбасымен сайысты

 «1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне» орай «Мұз айдыны» спорт кешенінде өткізілген «Әкем, анам және мен – спорттық жанұя» атты отбасылық спартакиадаға қала әкімі аппаратының, әділет, қазынашылық, кірістер департаменттері мен экономика, ауылшаруашылығы, білім басқармасының мемлекеттік қызметшілерінің 8 отбасы қатысты.
  Отбасылық жарысты өткізудің басты мақсаты мемлекеттік қызметші арасында саламатты өмір салтын қалыптастыру, «денсаулық зор байлық» деген сөзді қоғамда кеңінен насихаттау, жемқорлыққа қарсы күресте отбасының рөлін арттыру.
5 эстафеталық ойын түрінен қызық та тартысты өткізілген спорттық сайыста білім басқармасынан қатысқан Әбдірамановтар отбасы жеңімпаз атанса, әділет департаментінен «бдреевтер отбасы жүлделі екінші орынды және экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасынан Мұхитдиновтар отбасы үшінші орынды иеленді.
Жеңіске жеткен отбасылар арнайы кубокпен, дипломмен және сыйлықпен марапатталды. Спартакиадаға қатысқан барлық отбасыға алғыс хат табысталып, балаларға сыйлық берілді.
07 маусым 2018 ж. 324 0

PDF нұсқалар мұрағаты

38-315

19 қыркүйек 2019 ж.

37-314

12 қыркүйек 2019 ж.

36-313

05 қыркүйек 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30